Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

80

0

Қызылордалық
Гүлфайруз Наймантаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында самбодан жастар арасында
әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз байрақты бәсекеде 44 келі салмақта сынға
түсті. Дүбірлі додаға дүниежүзінің 32 елінен балуандар келді.

Ол өзінің салмақ
дәрежесінде бірнеше кездесу өткізді. Финалда
ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Гүлфайруз осы жарыста ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін
орындады. Ол былтырғы жылы жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола
жүлдесін иеленген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы,
дзюдодан жастар арасында 2 дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Енді Гүлфайруз желтоқсан
айында өтетін жастар арасында дзюдодан Азия чемпионатына қатысады. Ол №1
облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв
мектебінде тәлім алады.

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз