ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ШОҚАН УӘЛИХАНОВ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

61

0

Еліміздің
Білім және ғылым министрлігі жыл соңында үздік ғылыми зерттеулерге арналған
бәйгенің қорытындысын шығарып, осы саладағы атаулы сыйлық иегерлерінің есімі
белгілі болады.

Биыл
гуманитарлық зерттеулер саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа «Ұлттық
әдебиет және дәстүрлі ментальдік» атты ұжымдық монографиясы үшін филология
ғылымдарының докторлары, профессорлар Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы,
Амантай Шәріп лайық деп танылды. Үшеуі де қазақ әдебиеттануы саласында өзіндік
орны бар белгілі ғалымдар. Бауыржан Омарұлы мен Амантай Шәріп – біздің
жерлестеріміз. Аймақ идеологиясын дамытуда игілікті бастама көтеріп, елге қызмет жасаған азаматтар.

«Ұлттық
әдебиет және дәстүрлі ментальдік» – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті жанындағы «Алаш» рухани даму институтында атқарылған ғылыми жоба.
Жетекшісі – Амантай Шәріп. Әдебиеттегі ұлттық құндылықтарды зерделеп,
ментальділік мәселесін жан-жақты қарастырған бұл зерттеу білікті мамандар
тарапынан қолдау тапты. Осы зерттеу жайлы газетімізде профессор Бағдат
Кәрібозұлының терең талдауға толы мақаласы жарияланған болатын.

Жерлестерімізді
жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Өз
тілшімізден.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз