ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ

46

0

Облыстық жастар саясаты басқармасы мен «Қызылорда облысының жастар одағы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар орталығынан жас қаламгерлер клубы және жастар арасында ақпараттық-сараптамалық, кеңес беруге арналған ресурстық орталық ашылды.  
Салтанатты шарада сөз алған «Қызылорда облысының жастар одағы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жасұлан Алдаберген жас қаламгерлер клубының және ресурстық орталық жұмыстарымен таныстырып, мақсаты мен маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Оның айтуынша, жас қаламгерлер клубының мақсаты жас журналистердің басын қосып, олардың тәжірибе алмасуына, кәсіби деңгейлерінің артуына ықпал ету, олардың білімін көтеру, жастардың аға буын өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. 
Ал, ресурстық орталықта жастарға психологиялық, құқықтық, моральдық көмек көрсетіліп, бағыт-бағдар беріледі және студенттердің оқу процестеріне қажетті электрондық ақпарат алуына да бар жағдай жасалған. 
Шара барысында «Жас қыран” әскери-патриоттық клубының «Жастар және патриотизм” тақырыбындағы әскери ойыны өткізіліп, өнерлі жастар ән-жырдан шашу шашты. 
Өз кезегінде сөз алған облыстық ауған және жергілікті соғыс ардагерлер одағының төрағасы Қайрат Баймаханов жастарды өз отанының патриоты болуға үндеді. 
Барлыбек БАТЫР.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз