ЖҮЛДЕГЕР ЖОБАЛАР

55

0

Бүкіл
ел көлемінде өткізілген
республикалық «Atameken Startup”
байқауы Қазақстанның 20 қаласын аралап, жаңалыққа, ел экономикасын, өндірісін
өркендетуге бейімі бар 5 мыңға жуық жастың басын қосты.

 

Қорқыт ата
атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік универ­ситетінің бірінші ғимаратында өткен осы
республикалық байқауға қатысуға ниет біл­ді­ру­шілер көп болды. Қаты­сушыларды
іріктеу екі күн­ге созылды. Алғашқы күні 90-ға жуық еңбек тың­да­лып, 60
команда жасақ­тал­ды. Жас өрендер өздері­нің
идеяларын қорғап, импро­ви­зациялық
«Атамекен теңге­сін” жинақтады. Ең көп «қаражат” жинаған 15 команда
қорытынды кезеңге жолдама алып, өз тауарлары мен бизнес-жобаларын
әділ-қазылардың назарына ұсынды.

Тартысты
өткен байқау қорытындысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев зият­керлік
мектебінің екі коман­дасы жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды
иемденді. 300 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені 12 «Е” сынып, 100 мың теңге көлеміндегі үшінші орынды 12 «А”
сынып оқушылары егеленді. Байқау жүлдегерлері білім беру меке­мелері жайында
ақпарат бере­тін арнайы интернет сайтын
ашуды ұсынып, күріш кебе­гінен ксилит
өндіру идеясын алға тартты.

Байқаудың
негізгі мақсаты – қомақты инвестиция салу арқылы жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына жағ­дай жасап, болашақ
биз­нес­мендерді тәрбиелеу. Ұйым­дас­тырушылардың айтуы бой­ынша, қорытынды
кезеңге жолдама алған 15 жоба да болашақта іскерлі бизнеске айналдыруға әбден
болады. Облыс бойынша ҰКП дирек­торы Дінмұхаммед Әбсаттаров мұндай шаралар
жастар арасындағы кәсіпкерлік және инновациялық белсенділікті арттыруға
септігін тигізетініне, болашақта осы байқауда айтыл­ған әрбір идеяны
қолдаушылар қатары мол болатындығына
сенім білдірді.

 

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз