ЖҰМЫЛА КІРІССЕК, АЛЫНБАЙТЫН АСУ ЖОҚ

117

0

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың 2014 жылғы
12 желтоқсанда өткен облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзі

Құрметті
депутаттар, әріптестер!

2014 жылды
аяқтап, жаңа жыл табалдырығын аттағалы тұрмыз. Биыл бізде қиыншылықтар аз
болған жоқ, алайда жетістіктеріміз де жетерлік.

Жыл
көлемінде облыс бюджетін 26 млрд.теңгеге арттырдық. Ол қаражатқа жаңа
мектептер, балабақшалар, емханалар мен мәдениет үйлері, инженерлік коммуникациялар
және жаңа жолдар салынды.

Облыстағы
өндіріс және өңдеу өнеркәсібі көлемін былтырғыдан кемітпей ұстап тұруға, тіпті
аздап арттыруға да мүмкіндік алдық. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

Ең бастысы
экономикадағы қаржылық қиындықтарға, орын алған девальвацияға қарамастан –
адамдардың тұрмыс сапасы төмендеген жоқ. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат көлемін арттырдық.
Қазір бұл салада әрбір тұрғын басына
шаққандағы көрсеткіш бойынша республикадағы өзге аймақтар алдындамыз.

Бүгін,
біздер алдағы қаржылық жылдың бюджетін қабылдағалы отырмыз.

Бюджеттің
негізгі басымдықтары Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты Жолдауында және Үкіметпен келісілген облыс әкімінің 2015 жылға арналған
іс-қимыл жоспарында көрсетілген міндеттерге сәйкес болмақ. Осы жылғы жоспардағы
шаралардың барлығы орындалды. Тек келер жылға ауыспалы бірлі-жарым нысан мен
шаралар қалды. Олар жоспар бойынша алдағы жылы міндетті түрде аяқталатын
болады.

2015 жылғы
іс-қимыл жоспары өңірдің стратегиялық даму бағыттарына сәйкес әзірленді. Әрине,
сыртқы жағымсыз факторлардың да әсері
ескерілді.

Байқасаңыздар,
соңғы кезде біз барлық жиындарымызды әлемдік экономикадағы жағдайдан бастауға
мәжбүрміз. Өйткені ол, еліміздің экономикасына үлкен әсерін тигізіп отыр.
Ендеше алдағы іс-әрекетімізге де дәл солай әсер етеді.

Жылдың
екінші жартысынан бастап біздер жаһандық тенденциялардың ықпалын және көршілес
Ресейдегі тұрақсыз экономикалық жағдайдың әсерін анық сезініп отырмыз.

Ол жақта
қазір жағдай қандай?

Төртінші
тоқсаннан бастап экономиканың құл­дырауы болжанып отыр. Іс жүзінде басталып та
кетті.

Барлық
болжамдар келесі жылдың күрделі болатындығын айтады. Сыртқы саясат шиеленісі
түзелмейінше, санкциялар сол күйінде сақталады. Оның үстіне мұнай бағасының
төмендігі де қосымша қиыншылықтарды туғызып отыр.

Бұдан
бөлек, сарапшылар рубльдің «әлсіреуіне» байланысты инфляциялық құлдырау болады
деп күні бұрын айтуда.

Нәтижесінде
Ресей Федерациясының Экономи­калық Даму Министрлігі 2015 жылы ішкі жалпы
өнімнің (ВВП) 0,8 %-ға төмендеуін болжап отыр. Ал, кейбір халықаралық қаржылық
институттар болса тіпті 1,5 % -ға дейін төмендеу болады деп мәлімдеді.

Ресейге
қарсы енгізілген санкциялар және оған жауап ретіндегі шаралар біздің де
экономикалық белсенділігімізді тежейді.

Бұның
салдары қандай болмақ? Біріншіден, бұл өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі, экспорт
көлемінің қысқаруы және инфляциялық процестердің күшеюі.

Мұнай
бағасына тоқталар болсақ, мұндағы жағдай да біздер үшін қолайлы емес. Бүгін
мұнайдың бір баррелі 65 доллардан әрең асып тұр.

Егер 2013
жылы ішкі жалпы өнім көрсеткіші

6 %-ды
құраса, ағымдағы жылы 4,3 % болады деп күтілуде.

Әрине,
осының барлығы өңірлік экономикаға кері әсерін тигізіп, облыс бюджетінің
кемуіне әкеліп соқтыратыны түсінікті. Бұл облыстың 2020 жылға дейінгі даму
стратегиясында көзделген нәтижелерге уақтылы қол жеткізуге де кедергі
болмақ. Алайда, осы сыртқы
келеңсіздіктерге қарамастан, өңірлік
дамудың басты бағыты бұрынғыша сақталмақ. Ол – экономиканы құрылымдық өзгерту
бағыты.

Біз алған
бағытымыздан таймауға тиіспіз. Себебі, мұнай қалдықтарын тарта беру – ол
құрдымға апарады. Ал бәсекеге қабілетті салаларды дамыту – болашаққа жетелейді.

Сондықтан
да, металлургиялық және өңдеу өндірістерін құру және дамыту, облыстың
транзиттік әлеуетін іске асыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шағын және
орта бизнесті дамыту мәселелері өз жалғасын таба бермек. Қарқынымызды бәсеңдетуіміз мүмкін,
бірақ, бағытымызды жоғалтпаймыз.

В сложившихся экономических условиях
главной нашей задачей на 2015 год становится своевременное исполнение всех
социальных обязательств.

Почему я об этом говорю? Потому, что
сегодня Министерство национальной экономики по поручению Правительства готовит
возможный секвестр только что принятого республиканского бюджета на 2015 год.
Причем пессимистичный вариант основан на цене нефти 40 долларов за баррель. Это может привести
даже к переносу исполнения поручения Главы государства о повышении заработной
платы работникам бюджетной сферы с 1 июля 2015 года на более поздний срок.

Несмотря на это, как я уже отмечал, мы
должны продолжить реализацию проектов, направленных на диверсификацию
экономики, а также развитие опорных населенных пунктов. Продолжить поддержку
сельского хозяйства и развитие инфраструктуры.

Не допустить остановки строительства
начатых социальных объектов. Мобилизовать для этого все резервы.

Теперь по порядку о наших планах на
предстоящий год. Он, как я уже говорил, будет не из легких.

БІРІНШІ. Әлеуметтік даму.

Өздеріңізге белгілі, биыл 6 мың 300 адамды
қамтыған екі ірі инфрақұрылымдық жобалар («Батыс Еуропа-Батыс Қытай»,
«Бейнеу-Бозой-Шымкент») аяқталу үстінде. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құрудың
өзектілігі біз үшін арта түспек.

Еңбек ресурстары теңгерімін жаңартуды
жалғастырамыз. Бұл еңбек нарығындағы қажеттілік пен мамандарды даярлауды өзара байланыстыруға
мүмкіндік береді.

Еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз
ету үшін бізге келесі жылы кем дегенде 9,5 мың
жұмыс орнын құру қажет. Мұндай көрсеткішке біз табысты жылдары қол
жеткізгенбіз. Қазіргі жағдайда бұл қиындау мәселе, алайда оның шешімін табуға
тиістіміз.

Бұл үшін «Жұмыспен қамту жол картасын», әлеуметтік жұмыс орындарын
құру, жастар тәжірибесі, кәсіби оқыту және басқа да мүмкіндіктерді кеңінен
қолдануымыз қажет.

Бұл орайда, біз бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігіне үлкен үміт артамыз. Ең алдымен, жұмыс орындарын сақтап,
еңбекақыларын уақтылы төлеуде мәселе болмауы керек. Бұл әлеуметтік әріптестік
бойынша облыстық үшжақты комиссияның ұдайы назарында болмақ.

Барлық жұмыс берушілер, қайталап айтамын
– барлығы, өз кәсіподақтарымен немесе еңбек ұжымының өкілдерімен Ұжымдық
шарттар жасасты. Ол құжатта еңбек ақысын төлеу жөніндегі міндеттемелер нақты
жазылған және олар орындалуға тиісті.

Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
(мұғалімдер, дәрігерлер) жалақысын, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да
әлеуметтік төлемдердің уақтылы төлену мәселелері біздің ерекше бақылауымызда
болады. Облысымызда 35 мыңға жуық дәрігер, мұғалім мен әлеуметтік қызметкерлер
бар. Бұл адамдар ертеңгі күніне сенімді болуға тиіс!

Біздің қолдауымызды қажет ететін тағы
бір санаттағы азаматтарымыз бар. Олар – саны 26 мыңнан асатын мүмкіндігі
шектеулі жандар.

Бастысы, мүгедектердің жеке оңалту
бағдарламалары 100 % орындалуы тиіс. Кедергісіз ортаны қалыптастыру жұмысы
жалғасады.

Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі
бойынша біздер «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен және
бизнес-қауымдастықпен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа
орналастыруды жалғастыра береміз. Биылғыдай еңбек жәрмеңкелерін дәстүрлі түрде
өткізіп тұрамыз.

«Еңкейгеннің еңсесін еңбек тіктейді»
деген қанатты сөз бар. Мәселен, «Су жүйесі» мекемесі (МКК) осы уақытқа дейін 14
мүгедекті жұмысқа қабылдаған. Қазір, олардың барлығы да жемісті жұмыс жасауда.

Мүгедектердің, ардагерлердің қоғамдық
бірлестіктерін және халықтың кейбір санаттарын қолдауға арналған мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс орналастыру тәжірибесін бұдан әрі жалғастырмақпыз.

В сфере здравоохранения, в первую
очередь, должно быть обеспечено 100%-ное исполнение гарантированного объема
медицинской помощи, приобретение лекарственных средств, специализированных
продуктов детского и лечебного питания. Эти расходы ни при каких
обстоятельствах сокращаться не будут!

Приоритетом останется повышение качества
и доступности первичной медико-санитарной помощи.

Что касается сети объектов здравоохранения,
оказывающих ПМСП, то из 108 врачебных амбулаторий у нас 33 типовых. На 21
врачебную амбулаторию мы планируем разработать ПСД в будущем году с тем, чтобы
довести обеспеченность типовыми зданиями до 50%.

У нас еще высокий уровень заболеваемости
онкологическими заболеваниями, болезнями системы кровообращения, туберкулезом.
В целях профилактики и раннего выявления заболеваний больше внимания будем
уделять качественному проведению
скринингов.

В рамках «Дорожной карты» развития
здравоохранения мы поэтапно решаем вопросы борьбы с туберкулезом.

Так, в будущем году завершим капитальный
ремонт городского противотуберкулезного диспансера.

С этого года мы оказываем ежемесячную
социальную помощь на оздоровление
больным туберкулезом с мультирезистентной
формой заболевания в размере 10 месячных расчетных показателей. В
будущем году мы продолжим поддерживать эту категорию больных.

Кроме того, предумотрено бесплатное
обеспечение лекарственными препаратами для восстановительной терапии детям,
больным лейкозом и апластической анемией.

В результате реализации комплекса мер
нам удалось значительно снизить материнскую и младенческую смертность. Теперь
нужны «точечные» меры по решению других вопросов материнства и детства
(например, 20% детей у нас рождается с низким весом). Поэтому предусмотрено
приобретение специализированного оборудования для выхаживания новорожденных.

В этом году мы обеспечили службу скорой
помощи специализированным автотранспортом. На следующий год планируем создать
кардиореанимационные бригады. Это позволит сократить так называемое время «от
двери до иглы», что очень важно для быстрого начала лечения и снижения
смертности.

Наряду с этим будем развивать
высокоспециализированную медицинскую помощь.

Например, эндопротезирование бедренного
и коленного суставов наши врачи уже успешно освоили. В будущем году мы
планируем внедрить эндопротезирование плечевого сустава, а также кифопластику –
малоинвазивный метод лечения поврежденного позвоночника.

Кроме того, наряду со стентированием
сосудов сердца начнем проводить стентирование почечных и крупных сосудов, а
также эндоваскулярное закрытие пороков сердца (окклюдером). Это менее
травматичный метод лечения, который к тому же не требует использования во время
операции аппарата искусственного кровообращения. Как результат – существенное
сокращение сроков выздоровления.

На базе
областного перинатального центра будет внедряться метод ЭКО
(искусственное оплодотворение).

В результате многим нашим пациентам не
придется ехать для проведения операции в Астану или Алматы.

Что касается строительства объектов
здравоохранения, то учитывая текущую экономическую ситуацию, особенно на это
рассчитывать на это мы не можем. Об этом следует сказать прямо.

Однако, должно быть продолжено
строительство областной детской больницы в городе Кызылорде, завершена
реконструкция основного блока областного наркологического диспансера.

Обязательно достроим поликлинику в п. Жалагаш и начнем
строительство поликлиники в райцентре Жанакорганского района, а также сельской поликлиники в поселке Саксаульск
Аральского района.

Будет разработана проектная документация
на строительство ЦРБ Казалинского и Аральского районов, а также поликлиники в
поселке Тасбогет города Кызылорды.

По просьбе депутатов и населения была
восстановлена работа 13 сельских больниц. Будем прорабатывать этот вопрос и
дальше. Конечно, исходя из возможностей нашего бюджета. Может быть, откроем
хотя бы одну-две больницы.

В этом году мы начали масштабную работу
по повышению квалификации работников здравоохранения. Ее надо продолжить:
направить на повышение квалификации не менее 300 врачей, и около 1000 средних
медицинских работников. Будем учить и снова учить! Поскольку результат лечения,
в первую очередь, зависит от правильной постановки диагноза.

Но нам нужны не только квалифицированные
врачи. Нужны высокопрофессиональные организаторы здравоохранения. Не
пресловутый генералитет, а современные эффективные менеджеры! К сожалению, о
многих, даже главных врачах, мы этого сказать не можем. Поэтому будем проводить
соответствующую целенаправленную работу, – ставим задачу за год подготовить не
менее 20 таких менеджеров.

Алдына мақсат қойып, табыстарға қол
жеткізе алатын, өз ісінің шеберлерін – нағыз кәсіби адамдар дейміз. Жыл өткен
сайын өңірімізде мұндай кәсіби мамандарға деген сұраныс арта түседі.

Сондықтан өнеркәсіп салаларына кәсіби
білікті мамандар даярлау, апаттық жағдайдағы мектептерді жою, сонымен бірге 3-6
жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтамасыз
ету мәселелері білім саласының басымдықтары ретінде белгіленді.

Біз өзімізге қажетті мамандарды даярлау
бойынша қазақстандық жетекші жоғарғы оқу орындары және ТМД елдерімен
әріптестігімізді міндетті түрде жалғастырамыз.

Болашақта осы жас жеткіншектердің
қатарынан Сыр өңірін дамытатын жоғары кәсіби, білікті, бетке ұстар азаматтар
шығады.

Жұмысшы кадрларды даярлау маңызды
мәселе. Біз кәсіпкерлер палатасымен және сервистік кәсіпорындар қауымдастығымен
бірігіп, облыс орталығындағы индустриалды-техникалық колледжде дуалды оқыту
жүйесін ендіруді бастадық. Шиелі ауданында металлургиялық колледж құру
бағытындағы жұмысты жалғастыратын боламыз.

Мемлекеттік–жекеменшік әріптестік
аясында облыс орталығында 600 орындық кәсіптік техникалық лицей құрылысын
бастауды жоспарлаудамыз.

Жалпы қоғамның маңызды міндеті – патриот,
кәсіпқой, жоғары ұстанымы бар жастарды тәрбиелеу.

Біз өз жұмысымызды осыған бағыттауымыз
қажет. Білім беру бойынша мен жоғарыда айтып өттім. Тағы да қосатыным – қосымша
білім беру орталықтарын ашу. Мұндай мүмкіндікті табу қиын емес. Мысалы, осы
орталықтарды әрбір елді мекендегі әлеуметтік нысандардың базасында ашуға
болады. Бұл өз кезегінде балаларды көшенің кері ықпалынан аулақ ұстауға
септігін тигізеді.

Жастар саясатын дамытудың «Жол картасын»
жүзеге асыру жұмыстарын біз әрі қарай жалғастыратын боламыз. Маргинал жастар
қатарының көбеюіне жол бермеу керектігін тағы да ескертемін. «Дені сау, ойы
таза» жастармен жұмыс жасаған оңай әрі тиімді. Сондықтан, экстремистік және
басқа да түрлі теріс ағымдарға кіріп кеткен жастарымызды қайтарып, оларды
қоғамға қайта бейімдеуден гөрі, теріс бағытқа кетуден алдын алу шараларын
жүргізу қажет.

«Жол картасын» жүзеге асырудағы келесі
кезең – жастар кәсіпкерлігін дамыту және бұл жерде екі міндет көзделген.
Бірінші – жастарды жұмыспен қамтып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін
төмендету. Екінші – заманауи табысты кәсіпкерлер ұрпағын өсіріп шығару. Орта
таптың негізі де, тұрақты экономика мен қоғамның діңгегі де осылар болмақ.

Мектептер бойынша. Біз 2015 жылы 6 мыңға
жуық оқушыға арналған жаңа 15 мектеп саламыз.

Апатты жағдайдағы мектептерге тоқталатын
болсақ, өздеріңіз білетіндей, осы жылы апаттық мектептердің орнына жедел түрде
12 мектептің құрылыс жұмыстары басталды.
6-уы пайдалануға берілді. Қалған 6-уының құрылысын алдағы жылы аяқтау
қажет. Одан бөлек, Жаңақорған ауданы Талап ауылындағы 100 орындық, Шиелі ауданы
Тәжібаев ауылындағы 300 орындық және 21 разъездегі 100 орындық апатты
жағдайдағы үш мектептің орнына жаңа білім ордасының құрылысын бастаймыз.

Мұғалімдердің, инженер–педагогтардың, өң­діріс­тік
оқу шеберлерінің және білім ұйымдары басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру
жұмыстары жалғасын табады. Бір жыл ішінде кем дегенде 3,5 мың адамды оқытатын
боламыз.

Сонымен қатар біз мұғалімдерден жоғары
кәсібилікті және заманауи білім технологияларын қолдану біліктілігін талап
ететін боламыз. Нәтижесінде, оқушылардың бәсекеге сай білім деңгейін көтеру.

Бүгіннің өзінде «Балапан» бағдарламасын
жүзеге асыру аясында 3-6 жастың арасындағы балалардың 90 пайызы мектепке
дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Келесі жылы мектепке дейінгі тәрбиемен
қамтуды толық қамтамасыз етіп, бұл
мәселені түбегейлі «жабамыз». Бұл біздің қолымыздан келеді,- деп ойлаймын.

Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету
мәселесі мемлекеттік–жекеменшік әріптестік негізінде де жүзеге асырылатын болады.
Ал, бюджет қаражаты есебінен 790 орындық 5 балабақша салынады.

Одан соң балабақшаға кезекте тұрған 3
жасқа дейінгі бүлдіршіндердің орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге кірісу
қажет.

Мұнымен қатар, мүмкіндігі шектеулі
балаларды бейімдеу үшін жұмыс жасап тұрған барлық балабақшаларда мамандандырылған топтар ашуымыз қажет.
Мүгедек спортшыларды қолдай береміз. Қазақстанда әлеуметтік сатылар жұмысы
жолға қойылған саланың бірі – спорт. Әлемдік аренадағы жеңістеріміз соның
жарқын куәсі. Спортта талмай еңбектеніп, қажырлылық танытқандар ғана биіктен
көріне алады. Сый-құрметке ие болады.

Біз спортшыларымыздың жеткен
жетістіктерімен мақтанамыз! Сондықтан да бұқаралық және кәсіби спортты дамытуды
жалғастыра береміз.

Әрине, кәсіби командаларды ұстап тұру
арзанға түспейді. Бұл үшін, бас демеушілерді тарту мәселелерін қарастырудамыз.
Дегенмен, бұл да жеңіл шаруа емес. Себебі, қазіргі уақытта кімге болса да оңай
соғып тұрған жоқ. Алайда, ешнәрсеге қарамастан осы жетістігімізді сақтап
қалуымыз керек.

2015 жылы еліміз Қазақ хандығының 550
жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы
Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді.

Қоғамдық келісім мен татулықты нығайту
мақсатында, барлық аудандарда «Қоғамдық келісім кеңестерінің» және этномәдени
бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастыруымыз қажет. Қызылорда
қаласында «Достық үйін» алдағы жазда ашамыз. Дағдарысты ескере отырып,
қарапайым жобамен салынатын болады.

Облыстың мәдени мұралары нысандарын
ЮНЕСКО тізіміне енгізу, Сығанақ, Жанкент және Шірік-Рабат ескі қалашықтарын
археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасын
табады. Бұлар – біздің ұлттық мұрамыз, сондықтан ешбір дағдарысқа қарамастан
бұл жұмыстар тоқтамауы тиіс.

Осы сәтті пайдалана отырып, Елбасы
тапсырмасына сәйкес Қорқыт Ата кешенін қайта жаңғырту жұмыстарын сәтті
аяқтағаны үшін жобалаушыларға, құрылысшыларға және мұражай мамандарына
алғысымды білдіремін.

Тарихи мұрамызды сақтаумен бірге, ауыл
мәдениетін дамыту да басымдық ретінде қала бермек.

Бұл тұрғыда 7 ауылдық клуб құрылысын,
сонымен қатар Қармақшы ауданындағы мұражай мен кітапхана құрылысын аяқтаймыз.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша да
мақсатты жұмыстар атқарыла береді.

Құрметті депутаттар, әріптестер!

Қазіргі экономикалық қиын жағдай
әлеуметтік мәселелерді шешуді бірінші кезекке шығарып тұр. Адамдардың
көңіл-күйі мен қоғамдағы тұрақтылық осыған тікелей байланысты.

Алайда, нақты секторды дамыту арқылы
ғана әлеуметтік мәселелерді шеше аламыз. Бұл – біздің ЕКІНШІ маңызды
бағытымыз.

Осыған орай индустриялық инфрақұрылымды
дамыту, өндірістік жобаларды жүзеге асыру жалғаса береді. Әсіресе,
металлургиялық саладағы жобалар.

Біз ферроқорытпа зауытының
жобалық-сметалық құжаттамаларын аяқтап, «Бала-Сауысқандық» кен орнын дамыту
бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізу қажет.

«Шалқия» кен орны бойынша
«Самұрық-Қазынамен” бірлесе отырып кен – байыту комбинатының жобалық құжаттамасын әзірлеуді тезірек аяқтау қажет.

Сондай-ақ, шыны зауыты құрылысын да
бастап кетеміз.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы
Қызылорда қаласында керамикалық қыш
шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстары басталды. Алдағы жылы осы өндіріс орнының
және үй – құрылысы комбинатының ұйымдастыру мәселесін аяқтауымыз қажет. Бұл өз
кезегінде тұрғын үй құрылысының дамуына оң ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, машина құрастыру зауытының
барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, шағын көлемдегі (малотоннажный) мұнай өңдеу
зауытын кеңейту жұмыстарын бастауымыз керек.

Ірі индустриялық өндірісті құру үшін
оған сәйкес инфрақұрылым керек. Елбасының өзі халыққа Жолдауында осы мәселеге
үлкен мән беруі тегін емес.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қызылорда
қаласы және Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарының индустриялық аймақтарына қажетті инженерлік
инфрақұрылымды тарту жұмыстары аяқталды.

Ендігі мәселе, Қармақшы ауданында
индустриялық инфрақұрылымды құруды бастауымыз қажет. Жаңақорған, Сырдария
аудандарындағы индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын жүргізу үшін
жобалық сметалық құжаттамасын дайындасақ, бұл аудандардың жақсы дамуына серпін
береді. Осылайша, біз инвесторлардың келуіне
және жаңа өндірістің ашылуына жағдай жасайтын боламыз.

Сонымен қатар, біз келер жылы дәстүрлі
«Байқоңыр” инвестициялық V және VI форумын өткіземіз. Еуразиялық экономикалық
одақтағы серіктестерімізбен әріптестікті дамыта береміз.

Қазіргі таңдағы жұмыс істеп тұрған кәсіп­орын­дарға
келсек, олардың барынша қажетті тауарларын жергілікті жерден алу үлесін арттыру
үшін тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Ірі компанияларға мемлекеттік тапсырыс
бойынша жұмыс пен қызмет көрсетуде де осы талап ескерілуі тиіс.

Өңдеуші секторды дамытумен қатар,
облыстың минералды-шикізат базасының дамуы бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

Қандай жолмен болмасын, барлық
күш-жігерімізді жұмсай отырып шағын кәсіпкерлікті үдемелі түрде дамытуымыз
керек. Бізде басқа жол жоқ. Айта кету керек, шағын және орта кәсіпкерліктің
даму қарқынын алғанда, біз ел бойынша көш басындамыз.

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы аясында біз несиелерді пайыздық субсидиялауды жалғастырамыз, оларға ішінара кепілдік береміз, гранттарды
таратамыз сондай-ақ, валюталық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік жасаймыз.

Кәсіпкерлердің ең маңызды жобаларына
«аймақтық инвестициялық орталық” қолдау көрсететін болады. Әсіресе, жобалау
бойынша.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 2015-2016
жылдарға арналған мемлекеттік – жеке әріптестік дамуының «Жол картасы»
бекітілетін болады. Біз аймақтағы кәсіпкерлік Палатамен, мемлекеттік жеке
әріптестіктің Қазақстандық орталығымен бірлесе отырып бірқатар нақты жобаларды
жүзеге асыруымыз қажет. Оның ішінде, білім және денсаулық сақтау салалары да
бар.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік
дәлізі бойындағы қызмет көрсету нысандарын құру жұмыстары жалғасады.

«Қоркыт Ата» мемориалы, «Байқоңыр»
кешені және «Қамбаш» көлі туризмді дамытудың негізгі нысандары болуы қажет. Бұл
саланы дамыту үшін шағын және орта бизнес өкілдерінің белсенді араласуына
барлық жағдайды жасайтын боламыз.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы
жұмыстар біз күткендей нәтижелі болмай отыр. Мұны мойындауымыз керек. Қазіргі
таңда біздің экономикамыз үшін қызылордалық кәсіпкерлердің бастамалары ауадай
қажет!

Осы себепті, біз аймақтағы кәсіпкерлік
Палатасымен бірлесе отырып, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жаңадан 2015 жылға арналған «Жол картасын»
әзірлеп жатырмыз. «Нақты» шаралармен ғана көздеген нәтижеге жете аламыз.

Өздеріңіз білесіздер, Елбасының
тапсырмасымен Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және ірі
кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие беру мақсатында 100 млрд. теңге қаражат
бөлінді.

Осы ретте, екінші деңгейлі банктер
аймақтардағы бизнестің дамуына ерекше көңіл бөліп, үлес қосады деп есептейміз.
Егер бұған банктер келіспесе біз олардың бюджеттік қаржыға жолын шектеуге
мәжбүр боламыз. Осыны ескерткім келеді.

Экономиканың маңызды саласы – ауыл
шаруашылығы. Ол біздің елді мекендердің негізгі күн көріс көзі. Ондағы халық саны
400 мыңға жуық.

Келесі жылға бұл саланың даму
басымдықтары күріш өндіру, егістіктерді әртараптандыру және мал шаруашылығын
дамыту болып табылады.

Өздеріңізге белгілі, екі жылдан бері
«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге
үлкен қолдау көрсетіп келеміз. Жанар-жағар май, су жеткізу қызметі, минералды
тыңайтқыштар, гербицидтер бағасы жеңілдетіліп, мал шарушылығы өнімдерінің
өнімділігі мен сапасын арттыруда басқа да қызметтер субсидиялануда.

Өңіріміздің дәстүрлі саласы күріш екенін
ескере отырып, 2015 жылы да күріш
өндірушілерді әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолдау көрсетуді жалғастырамыз.

Алдағы жылы отандық сапалы
өндірушілерімізді күріш тұқымымен 50 %-ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 25 %-дан аспаған болатын.

Бірақ, күріштен басқа да дақылдарды
дамытуымыз қажет. Ол үшін біздер қаржылай ынталандыруды енгізіп, жеміс-жидек
және көкөніс дақылдарын өсіруде тамшылатып суару әдісін пайдаланғандардың
шығындарын субсидиялауды 5% – дан 40% – ға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз.
Мұның су үнемдеу жағдайында маңызы зор. Сонымен қатар, аз шығын мен мол өнім
алуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде 2015 жылы күріш дақылының
егіс көлемін азайта отырып (81- мыңнан 76 мың гектарға) мал азықтық, майлы және
көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемін арттыратын боламыз.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
субсидиялауды жалғастырамыз. Осы мақсатқа 2015 жылға 2,3 млрд. теңге жұмсау
жоспарланып отыр. Яғни, былтырмен салыстырғанда 2 есе артты. Бұл біздің фермерлер
үшін жақсы көмек болды. Сондай-ақ, отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара
малдарын сатып аламыз (қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымды).

«Алтын асық» және «Құлан»
бағдарламаларын іске асыру барысында «ҚазАгро» АҚ-ы қаржы институттарымен
жұмыстарды жалғастыра береміз.

Мысалы, кезінде Қызылорданың қаракөлі
аукциондарда өте қымбат бағаға сатылатын.
Бұл – бүгінде тарих.

Қазіргі таңда мемлекеттің көмегімен осы
саланы жаңғыртуға мүмкіндік тууда. Және біз мұны тиімді пайдалануымыз керек.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы
өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Негізгі азық-түлік
өнімдерінің бағасын бір деңгейде ұстап тұру мақсатында Тұрақтандыру қоры өзінің
жұмысын жалғастыра береді.

Әрине, өңіріміз үшін аса маңызды
жобалардың бірі – Солтүстік Арал теңізінің жобасын жүзеге асыру.

Жоба республикалық бюджеттік комиссиямен
мақұлданып, бүгінгі күні рәсімдеу жұмыстары аяқталуда. Қазіргі таңда,
Дүниежүзілік Банктің регламентіне сәйкес ескертпе хат арқылы жобаның екінші
фазасының басталуы туралы шекаралас мемлекеттер хабардар етілді. 2015 жылдың
бірінші жартыжылдығында құрылысы басталады, деп күтілуде.

ТРЕТЬЕ. Развитие инфраструктуры

Благодаря поддержке Главы государства
уже в будущем году мы сможем начать реконструкцию автомобильной дороги республиканского
значения «Кызылорда – Жезказган». Это откроет нам дорогу на Астану. Уже
сформирован пул наших компаний – потенциальных подрядчиков для участия в
тендере.

Как Вы знаете, в целях развития областного центра мы начали строительство
моста через реку Сырдарья, которое надо продолжать.

По мере возможностей будем вести и
ремонт дорог.

Очевидно, что эти возможности будут
минимальными. Поэтому направить миллиард тенге на ремонт дорог внутри
населенных пунктов (как мы это делали в предыдущие годы) в сегодняшней ситуации
не представляется возможным.

Надо решать вопрос строительства
современного автовокзала областного
центра. Может быть, на основе государственно-частного партнерства или с
участием СПК.

Постараемся быстрее завершить
строительство нового пассажирского терминала аэропорта города Кызылорды.
Параллельно продолжим работу по открытию новых рейсов и направлений, в том
числе международных.

Вообще нам в целом нужна новая концепция
пассажирских авиаперевозок. В ближайшее время мы инициируем этот вопрос.

Будет продолжена целенаправленная работа
по развитию электроэнергетики области.

Вы знаете, мы приступили к созданию
крупных промышленных объектов, которые потребуют больших объемов
электроэнергии. К примеру, только потребность будущих металлургических
производств превысит 200 МВт. Будут строиться и развиваться другие
индустриальные объекты.

Растет и развивается областной центр. С
началом строительства моста мы практически приступаем к развитию левобережной
части города.

В этой связи необходимо комплексное
решение вопросов электроснабжения области. Для этого мы должны разработать «Схему развития электрических сетей» хотя бы
на ближайшие 10 лет.

В целях решения вопроса
энергообеспечения региона в настоящее время мы прорабатываем несколько
вариантов: строительство новой ТЭЦ
мощностью до 450 мВт за счет средств Национального фонда, модернизацию
действующей ТЭЦ с привлечением инвестиций по линии Банка развития Казахстана
или на условиях софинансирования с Европейским банком реконструкции и развития.

Кроме того, необходимо начать
подготовительные работы по модернизации сетей, которые связывают районы с
областным центром.

Наряду с этим завершить реконструкцию
подстанции «Аральская», продолжить реконструкцию действующих трансформаторных
подстанций областного центра (мощностью 35 кВ), а также подстанции
«Ново-Казалинск» Казалинского района.

Будем и дальше работать по развитию и
модернизации электрических сетей Кызылординской распределительной
электросетевой компании.

Также будет продолжен капитальный ремонт
и реконструкция тепловых сетей в г. Кызылорде.

Наверное, нет для людей более
актуального вопроса, чем водоснабжение. Поэтому уже с самого начала этого года
мы работали в Министерстве регионального развития, а потом в Министерстве
национальной экономики по включению наших проектов в Программу развития
регионов. Нам удалось буквально «пробить» средства на эти цели из
республиканского бюджета. В сумме более
7 млрд.тенге!

Это позволит улучшить качество питьевой
воды более, чем для 80 тысяч человек.

В частности в будущем году планируется
завершить реконструкцию и расширение систем водоснабжения в поселке Жосалы,
населенных пунктах Акай и Турмагамбет Кармакшинского района, аулах Амангельды,
Акжарма, Бесарык Сырдарьинского района, а также поселке Тугускен
Жанакорганского района.

Наряду с этим, начнутся работы по
строительству и расширению водопроводных сетей в кенте Айтеке би и городе
Казалинске, а также реализации проектов по проведению водопроводных сетей до
участков потребителей в населенных пунктах Актан батыр, Бекарыстан би,
Муратбаева, Жанкожа батыр, Примова, Туктибаева Казалинского района и населенном
пункте С.Сейфуллина Сырдарьинского района.

Вместе с тем, необходимо еще раз
провести ревизию всех водопроводных сетей и по ее результатам определить очередность их капитального ремонта,
реконструкции или строительства. Для
этого будет создана рабочая группа с участием депутатов, которая должна выехать по районам и, непосредственно на
местах, определиться.

Что касается города Кызылорды, то 21 из
38 скважин по проекту разработки
Кызылжарминского месторождения уже пробурена. Надо постараться, хотя бы в
течение года, изыскать средства для продолжения этой работы.

Газдандыру жөнінде.

Өзіміз жоспарлап отырғандай, облыстың
елді мекендерін және Қызылорда қаласын газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансГаз
Аймақ» АҚ 23 млрд.теңге қарастырды. Конкурстық рәсімдер өткізіліп, зауыттарда
автоматтандырылған газ тарату стансаларының (АГРС) жабдықтары дайындалуда.

Сондықтан келесі жылы 4 ауданды газбен
қамту жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік туады. Олар: Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі
мен Жаңақорған кенттері және Байқоңыр қаласы.

Облыс орталығында Қызылжарма ауылдық
округін, Тасбөгет кентін газдандыру жұмыстары аяқталып, Талсуат елді
мекененіне газ жүргізу жұмысы басталмақ.

Бұл жұмыстарды жалғастыру үшін, сонымен
бірге Сексеуіл, Жосалы және Тереңөзек, Қамыстыбас пен Шоқай елді мекендеріне
автоматтандырылған газ тарату стансасын орната отырып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент»
магистралынан газ құбырын тарту құрылысына жобалық – сметалық құжаттарды дайындауымыз қажет.

Сонымен бірге, Тереңөзек кентінің,
Қазалы қаласының және Шоқай елді мекенінің газ жеткізуші құбырлардың және
кварталішілік желілердің жобаларын әзірлеу керек.

Биыл Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен
ауқымды жұмыстар жүргіздік. Мәселен, алдағы аптада Лондон қаласында осы банкпен
электр желілерін жаңғырту, су және жылу
жүйелері бойынша несиелік шарттарға, сонымен қатар, облыс орталығын
жарықтандыру бойынша мандаттық келісімге қол қоямыз. Осы құжаттар негізінде
алдағы жылы нақты жұмыстарға кірісіп кетеміз. Жалпы айта кеткенде, бүгінге
дейін Еуропалық банкпен жалпы құны 63 млрд. теңге болатын 8 инфрақұрылымдық
жоба бойынша келісімдерге қол қойылды.

Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта
Президенттің тапсырмасымен 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту
бойынша «Нұрлы Жол» мемлекеттік
бағдарламасы әзірленіп жатыр. Біз бұл Бағдарламаның ең белсенді қатысушысы
болуымыз керек. Әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен инфрақұрылымын
жаңғырту жобаларын іске асыруға барлық күшімізді жұмсауға тиіспіз.

Айта кетсек, тұрғын үй құрылысы бойынша
келесі жылы облыс орталығында және аудандарда арендалық, ипотекалық үйлердің
құрылысын аяқтауымыз қажет. Бұл 700-дей отбасын тұрғын үймен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз