ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

35

0

Жақында Сырдари­я ау­дан­дық жұмыспен
қам­­ту және әлеу­меттік бағ­дар­ламалар бө­лімінде бос жұмыс орындары­на жәр­меңке
өтті. Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген шараны өткізу қарсаңында жұртшылық көп
жиналатын орындарға парақшалар ілініп, жергілікті басылым­да хабарландырулар
беріл­ген. Жұмыссыздыққа тіркел­гендерге жұмыс орындары туралы мәліметтер
таратылып, еңбек жәрмең­кесіне қатысуға шақырылды. Осынау игілікті іске бөлім
қызметкерлері ғана емес, «Нұр Отан” партиясы ау­дандық филиалы да белсене
араласты. Өйткені, бұл бастама осы партияның «Кедергісіз келешек” жобасы
аясында өткізіліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай еліміз­дің
жетекші партиясы мүм­кіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды басты мақсат
етіп қойған. Мұның басым бағыттары мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмысқа
орналастыру, олар үшін «кедергісіз ай­мақ­тар” құру, мүгедектер құқын тиімді
жүзеге асыру үшін құқықтық алаң қалыптастыру болып саналады. Сондай-ақ,
инклюзивтік білім беруді дамыту бағыты да бар.

Жәрмеңкенің ашыл­у сал­­танатында
аудандық жұ­­­мыс­пен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бө­­­лі­мі­нің
басшысы Б.Өте­ге­нова сөз алып, аудан тұрғындарын жұмысқа тарту жайынан
егжей-тегжейлі мәлімет берді. Биылғы жылы аудандағы 29 мүмкіндігі шектеулі
жандар тұрақты жұмысқа тартылған. Ал, бүгін бос жұмыс орындарына 10 сұраныс
келіп отыр.

Жәрмеңкеге қатысу­шы­ларды мекеме
басшылары жеке қабылдап, толықтай мәліметтер жинақтаған. Нәтижесінде
Т.Есенбаева, И.Жағыпаров, С.Сейілов, С.Аймаханов, Б.Тұрғанбаев, Н.Бақтияров,
М.Сәдуақасов, Қ.Қайырбаев, М.Үсенов, М.Жанәлиевалар бос жұмыс орындарына бірі
тұрақты, ал енді бірі уақытша жолдамалар алды.

Жұмыссыздарға жұмыс жолдамалары
салтанатты­ жағдайда табыс етіліп, «Нұр Отан” партиясы төр­ағасының бірінші
орынба­сары М.Омаров жұмыс ие­лерінің қызметтеріне табыс тіледі.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Сырдария ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз