ЖОБАЛАР ТОЛЫҚ МАҚҰЛДАНДЫ

178

0

Облыс әкімі Қырымбек
Көшербавтың төрағалық етуімен сәулет
және қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда аймақ елді мекендерінің
дамуына қатысты бірқатар мәселелер
талқыланды. Оның алғашқысы Арал және Қазалы
аудандарының базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы қадастрының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға қатысты болды.

Кеңесте «Геоинфо» ЖШС
(Қарағанды қаласы) басшысы Владимир Цымбал «Электрондық үкімет» бағдарламасының
негізгі сегменті болып есептелетін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» республикада бірінші болып Қызылорда
қаласында құрылғанын еске салып өтті. Қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі
елді мекендер аумағында құрылыс салу үшін жер телімдерін беру рәсімдерін
оңтайландыруға, пайдалануда көп уақытты үнемдеуге, құжаттар санын азайтуға,
салынған және салынуы жоспарланған құрылыс нысандарына мониторинг жүргізуге
және ең негізгісі –тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік
қызметтерде түбегейлі жоспарлау жұмысына мониторинг жүргізуде толыққанды
құрылған жүйені пайдалану жұмыстарын өз деңгейінде іске асыруға толық мүмкіндік
беріп отыр. Аталған ақпараттық жүйені құру жұмыстарын аудандарда жалғастыру
кезегі жетті. Осы мақсатта 2014 жылы Арал және Қазалы аудандарында атқарылатын
жұмыстар үшін облыстық бюджеттен 89,6
млн. теңге бөлінді.

Жүргізілген жұмыстар
нәтижесінде Арал және Қазалы аудандарында 26 қабаттан тұратын 1:100000
масштабтағы электрондық карта жасалды. Онда аудандардың әкімшілік-аумақтық
шекаралары, елді мекендердің шекаралары, тірек елді мекендері, автомобиль және
темір жолдары, өзен, көл жүйелері мен скважиналар, инженерлік жүйелер мен
коммуникациялар, сондай-ақ тарихи және сәулет ескерткіштері көрсетілді. Сонымен
қатар, аталған аудандардағы елді мекендердің базалық деңгейдегі 68 қабаттан
тұратын 1:2000 масштабтағы электрондық карта жасалды. Онда жылжымайтын мүлік
нысандары, инженерлік инфрақұрылымдар, әлеуметтік нысандар, көріктендіру,
көркейту элементтері және елді мекендердің бас жоспарлары, даму сызбалары,
топотүсірілімдер картаға енгізілді.

Облыс әкімі бұл жүйелердің
2015 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізу қажеттігін айтты. Ол үшін
бұл жүйемен жұмыс істейтін мамандарды оқытып үйретуді тиісті құрылымдар
басшыларына тапсырды.

Кеңесте келесі талқыланған
мәселе Арал қаласындағы жалпы ауданы 120 гектарды құрайтын № 2 және № 4 шағын аудандарының
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына қатысты болды. Бұл жұмысты жүргізген
«Казгипроград»1 жобалау институты» ЖШС
(Алматы қ). Серіктестік басшысының орынбасары Светлана Рябых жоспарланып
отырған аумақтағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерінің саны
шамамен 737 болатынын жеткізді. Оның ішінде алғашқы шағын аудандағы жер
телімдерінің саны 337 болса, келесісінде 400 болып отыр. Әрбір жер телімінің
ауданы – 0,1 га. Жаңадан жоспарланып отырған аумақта негізінен бір қабатты
үйлер болады деп қарастырылған. Осы аумақтарда шамамен 3800 адам жайғасады деп
күтілуде. Жобадағы жаңа тұрғын аудандарды көгалдандырып, көркейту
қарастырылған. Қажетті
инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету мәселесі де ойластырылған. Бұл аудандарда
білім беру, мектепке дейінгі тәрбие орталықтары, денсаулық сақтау саласы
нысандары секілді басқа да барлық қажетті орындар түгелдей жоспарланған.

Осы серіктестік сондай-ақ
Жосалы кентіндегі «Мөлтек» шағын ауданындағы жаңадан игерілетін жалпы көлемі
120 гектар аумақтың да егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеген. Кеңесте бұл жайлы да
толық ақпарат берілді. Мұнда негізінен бірқабатты үйлермен қатар «Қолжетімді
баспана-2020» бағдарламасы аясында екіқабатты көп­пәтерлі үйлер салу да
жоспарланып отыр. Бұл ауданда да тұрғындар тіршілігіне қажетті барлық
нысандардың орналасуы қарастырылған. Облыс басшысы жобаларды уақытылы жасап
шығарғаны үшін серіктестік ұжымы атына
рахмет айтты. Сонымен бірге, жер бөлу жұмыстарына қатаң қадағалау жасау
керектігі туралы жергілікті құрылымдар басшыларын ескертті.

Кеңесте сондай-ақ «Батыс
Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында салынуы тиіс екі
нысан жобасы таныстырылды. Оның алғашқысы
«Бексұлтан» жеке кәсіпкерлігі салатын жол бойы кешені Жаңақорған ауданы
орталығынан 1,5 шақырым қашықтықта орналасады.
«В» категориясы бойыша салынатын
нысанда жанар-жағармай құю
бекеті, 14 нөмірлі қонақ үй, 40 орындық дәмхана, сауда павильоны, техникалық
қызмет көрсету орталығы, жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ,
автономдық қазандық, көліктер тұратын эстакадалар бар. Жобаны таныстырушы Аманжол Әбдіраймов нысан салуға қажетті
қаржы көздері жеткілікті екенін жеткізді. Ол сонымен бірге, салынатын ғимаратта
ұлттық және шығыс сәулетінің элементтері көрініс табатынын айтты. Ал егер
жергілікті билік нысанға іргелес жатқан аумақтан тағы да жер учаскесін бөлсе,
көгалдандыру, көркейту шаралары жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.

Қырымбек Елеулы мүгедектер
мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруы үшін жағдай жасауды ұмытпау
керектігін ескертті. Сонымен бірге, құрылысты көп созуға болмайтынын айтты. Ал
жергілікті органдар сұралған жер көлемін беру мүмкіндіктерін қарастырғаны жөн.

Екінші нысан Қазалы
ауданында орын тебеді. Тапсырыс беруші «Тұрангаз» ЖШС директорының орынбасары
Жамбыл Айтмамбетов нысанның кент орталығынан 2,5 шақырым жерде бой көтеретінін
айтты. Мұнда газ құю бекеті, 28 орындық қонақ үй және асхана, сауда дүкені,
автокөлік шеберханасы мен көлік жуу орындары мен автотұрақтар және эстакадалар
болады. Жоба толығымен іске асқан жағдайда 20-25 адам тұрақты жұмыспен
қамтылады деп күтілуде. Жоба мақұлданып, қажетті жер учаскесі бөлінген жағдайда
құрылысты бастап кете беру мүмкіндігі бар.

Облыс әкімі жобаны
таныстырушы серіктестік өкілінің құрылысты жүргізуге 1,5-2 жыл кетеді деген
пікірімен келіспейтінін жеткізді. Оны бір жарым жылға жеткізбей аяқтаған
дұрыс. Сонымен бірге, ұлттық
нышандардың болуы және кешен аумағына келген көліктердің еркін маневр жасаулары
ескерілу керектігі айтылды. Тағы назар
аударатын мәселе – ЮНЕСКО шешімі бойынша
осындай нысандарда балаларға да арналған орындар болуы тиіс. Осы
мәселені де ойластырған жөн болады. Кеңес соңында аймақ басшысы жобалар
иелеріне сәттілік тіледі

 

Ыдырыс
ТҰРЛЫҒҰЛОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз