ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ МЕН ӨМІР ҚАҒИДАСЫ

48

0

КЕШЕ
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КөШЕРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІ­МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КІМДІГІ
ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖөНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ
ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. ОНДА КҮН ТӘРТІБІНЕ СәЙКЕС ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ.

Комиссия отырысын ашқан облыс басшысы жол елді мекендерді жалғап, халықтарды байланыстыратын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әсер ететін, сонымен бірге әрдайым қырағылықпен қарауды қажет ететін маңызды нысан екенін атап өтті. Өкінішке орай, әлемде, елімізде, аймағымызда жол-көлік
оқиғаларының саны артып келеді. Аймақ жетекшісі облыстағы жолдардың сапасын
жақсарту бағытында бөлініп жатқан қаржы мөлшері де өсіп келе жатқанына
қатысушылар назарын аударды. Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық
ішкі істер департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев пен облыстық жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов баяндама
жасады.

Департамент
басшысы атап өткеніндей, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол
апаттылығының алдын алу шараларын жандандыру мақсатында жұмыстар ұдайы
жүргізілуде. Мәселен, әрбір апта сайын «Жүргінші”, «Қауіпсіз жол”, «Жол
қауіпсіздігі апталығы” өткізіліп тұрса, көлік құралдарын ішімдік ішіп
басқаратындарды анықтау бағытындағы «Мас жүргізуші – қылмыскер” атты
профилактикалық шара ай сайын өткізілуде. Атқарылған шаралар мен жол қозғалысын
күнделікті бақылау барысында 2014 жылдың 4 айында жол қозғалысы ережесін
бұзушылықтың 35182 дерегі, ішімдік ішіп көлік басқарғандардың 475 дерегі
анықталды. Осы мезгілде жол қозғалысын бұзған 24356 әкімшілік істер бойынша
231,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 189,1 млн. теңгесі, немесе
81,6 пайызы өндірілді. Жылдың алғашқы төрт айында облыс көлемінде 75 жол апаты
тіркеліп, онда 12 адам қаза тауып, 82 адам әртүрлі дене жарақатын алды.

Мамандардың қатысумен
комиссиялық зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында ақауы бар 1500 жол белгісі
анықталды. Өткен жылы облыс бойынша жол белгісін орнатуға 16,1 млн. теңге
қаралған болса, үстіміздегі жылы 48,8 млн. теңге бөлініп отыр. Статистика
көрсеткендей, көлік паркінің өсу қарқыны жоғарылаған сайын көше-жол тораптары
заман талабына сай келмей, көше тарлығы, оған қоса көлік тұрақтарының
жетіспеушілігі, немесе тұрақпен 30 пайыз ғана қамтылуы жол қозғалысына кедергі
туындатуда.

Құрылыс
нормалары және ережелері нормативтік құжатына сәйкес сауда орталықтарының,
мейрамханалар мен дәмханалар және қоғамдық тамақтану орындарының, банктердің
жанында алып жатқан аумағы мен қызмет көрсету көлеміне сәйкес автотұрақтар
болуы керек. Міне, осы нормалар сақталуы тиіс.

Комиссия отырысында
көше-жол тораптарында орналасқан жолүсті таңбаларының сапасыздығынан 1-2 айға
жетпей өшіріліп қалу деректерін жою мақсатында облыс орталығында маңыздылығы
жоғары жол тораптарында жолүсті таңбаларын қазіргі заман технологиясы
термопластикпен (пайдалану мерзiмi 1-2 жыл) сызу жайы сөз болды. Сонымен бiрге
«Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау қағидасына” сай жолаушы
тасымалымен айналысатын мекемелердің диспетчерлік қызметтерінің автобустардың
бекітілген кестесі мен бағыттарына сәйкес жүруіне және жолаушыларды тек қана
белгіленген бағыттағы аялдамаларда мінгізіп-түсіруге қатаң бақылау керектігі
айтылды.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз