ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

44

0

Шиелі ауданы аумағында болған жол-көлік
оқиғасынан 10 адам қаза тап­ты. Төтенше жағдай 7 мамыр күні таңғы сағат 9-дар
шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»
тас жолының Ши­елі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында орын алған.
Оңтүстік Қа­зақстан облысына қарай бет алған жо­лаушылар мінген «Мерседес Сприн­тер»
шағын автобусы мен Қызылорда қаласына
қарай қарсы бағытта келе жатқан «Тойота Ланд Крузер Пра­до» автокөлігі
соқтығысқан. Мәлімет бойынша
екі көлік­те барлығы 19 адам болған. 10 адам оның ішінде қос көліктің
жүргізушілері де қай­тыс бол­ған. Ауыр жараланған 6 адам аудан­дық ауруханаға,
екеуі облыстық медицина орталығына жедел жеткізілді.

Көлік
апаты туралы ақпарат ке­ліп түскен бетте оқиға орнына бір­ден құрамында
нейрохирург, трав­матолог, хирург және басқа да дә­рі­герлер бар 2 облыстық
және 2 ау­­дандық реанимобиль
барды. Бұ­дан бөлек апат орнында
төтенше жағ­дайлар департаменті мен ішкі іс­тер департаментінің мамандары жә­не техникалары жұмыс
істеуде. Об­лыс әкімінің тапсырмасымен
облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев және Шиелі ауданының әкімі Қайратбек
Сәрсенбаев оқиға орнына барып, тиісті орган басшыларының қатысуымен шұғыл
штабтың отырысын өткізді.

Қазір
жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, себептері анықталу
үстінде.

***

Орын
алған қайғылы оқиғаға байланысты Қызылорда облысында 8-ші және 10-мамыр
аралығында өтетін бұқаралық көңіл көтеру шаралары шектеу қойылды.

 

Қызылорда облыстық

ІІД баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз