ЖОЛ САЛУДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

56

0

ЖОЛ САЛУДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫБиылғы жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен
елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық
бюджеттерден жалпы ұзындығы 209,1 шақырым жол жөндеуге және көпір құрылыстарына
бөлінген 11,1 млрд. теңге қаржы толықтай игерілді. Бұл жөнінде облыстық
коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен облыстық жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов баяндады.

Марат Серікбайұлы алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – бо­лашаққа
бастар жол” атты Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында көліктік-логистикалық
инфрақұрылымдарды да­мы­туға ерекше басымдық бергенін атап өтті. Мемлекет
басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасына орай бүгінде об­лыс­та жол жөндеу мен
оны күтіп ұс­тау және жаңа жобаларды іске асыру мақ­сатында кең ауқымдағы
жұмыстар жүр­гізілуде. Негізі аймағымыздағы об­лыс­тық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының жалпы ұзын­дығы 2245,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде 13
шақырымы асфальт-бе­тон­ды болса, 1217 шақырымы немесе бар жолдың 55 пайызы
қара қиыршық тас­ты, 451 шақырымы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы топырақты
жол­дар. Биылғы жылы атқарылған жұ­мыстың нәтижесінде жергілікті маңы­зы бар
автомобиль жолдарының жақ­сы және қанағаттанарлық үлесі 57 пай­ызды құрады. Бұл
өткен жылмен салыс­тырғанда үш пайызға артық.

Сонымен қатар биыл Сырдария ауда­ны Тереңөзек кенті
маңында Сырдария өзеніне көпір салынып, ол халық игілігіне пайдалануға берілді.
Бұл көпірдің ма­ңыздылығы сол, ол аудан орталығын жеті елді мекенмен
байланыстырады. Әрі бұл көпір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік дәлізіне
қосылады. Сондай-ақ, Қы­зылорда қаласының бас жоспарына сәй­кес қаланың сол
жағалауын игеру мақ­сатында облыстың көліктік коммуни­ка­циялық кешенінің
маңызды бір бөлігі саналатын Сырдария өзені арқылы өте­тін көпір құрылысы да
басталды. Бір айта кетерлік жайт, құрылысы 2007 жылдан бастап республикалық бюд­жеттен
қаржыландырылып келе жат­қан ұзындығы 74 шақырымдық об­лыс­тық маңызы бар
«Жалағаш-Жосалы” ав­томо­биль жолының соңғы 27 шақырымы күр­де­лі жөндеуден
өткізіліп, пайдалануға бе­рілді.

Жалпы Елбасы Жолдауы автомобиль жолдары саласында жаңа
жобаларды жү­зеге асыруға негіз болуда. Соның бас­тысы бүгінде республикалық
бюджеттен қаржыландыру мақсатында облыстағы стратегиялық маңызы бар 17 жоба ҚР
Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылды. Соның ішінде 2015-2016 жыл­дары
«Қызылорда-Жезқазған” автомо­биль жолының 59 шақырымына қайта жаң­ғырту жұмыстары
мен аудандық ма­ңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құ­райтын
«Самара-Шымкент-Бекбаул” ав­томобиль жолының құрылысы бар. Сон­дай-ақ, аудандық
маңызы бар «Бозкөл-Тасарық” автомобиль жолының 22 ша­қырымын қайта жаңғырту мен
Қазалы ауданындағы Әлсейіт учаскесінде жә­не Қармақшы ауданының Ақай елді ме­кені
жанынан Сырдария өзеніне екі көпірлердің жобалау-сметалық құжатта­рын әзірлеу
мен тағы да басқалар маңыз­ды жобалар қатарына кіргізіліп отыр.

Баршаға белгілі, биыл облыс әкімінің бастамасымен ҚР
Үкіметінің қаулысына сәйкес «Қызылорда” қаласының әуежай­ы­на халықаралық
мәртебесі берілді. Ен­ді бүгінде республикалық және шетел­дік әуе
компаниялармен алдын ала ке­ліс­сөздер жүргі­зіліп, Ресей, Түркия, Қы­тай жә­не
Біріккен Араб Әмірлігі секілді алыс та жақын шет­елдерге халықаралық әуе көлі­гін
ашу мақсатында ше­ка­­ра, кеден,
санитарлық-эпи­де­мио­ло­гиялық қызметтермен жұ­­мыстар жүр­гі­зілуде.
Со­ның ішінде Ре­сейдің «IN­VES­TAVIA” әуе ком­паниясымен жүр­гізген ке­ліссөздер
нәти­же­­сінде ағым­дағы жыл­дың жел­тоқсан айы­ның бі­рін­ші он­күндігінде сый­ымды­лы­ғы
100 жолаушы­ға есеп­телген «СRJ” мар­ка­лы ұшағымен Қы­­зыл­орда қала­сынан
Дубай қа­­ла­сына тікелей бірінші ха­лық­аралық рейсін ұшыру жос­парланып отыр.
Әри­не, әуе­жайға халықаралық мәрте­бесі берілгеннен кейін ол көптеген жұ­мыстарды
жүргізуді қажет ететіні де бел­гілі. Осы орайда айта кету керек, алда өткізу
қабілеттігі са­ғатына 250 жолаушыны құрайтын Қы­зылорда қаласының жаңа жолаушы
тер­минал құрылысы салынады.

Негізі облыс әкімінің бастамасымен «Игілік”
корпоративтік қорының бюд­жеттік емес қаражат есебінен жобаның техникалық
экономикалық негіздемесі жасалды. Қазіргі күні Қазаэрожоба ғы­лыми-зерттеу және
жобалау-іздестіру инс­титуты акционерлік қоғамы бюджет­тік емес қаражат
есебінен терминалдың жо­балау-сметалық құжаттамасын аяқ­тау үстінде. Осы жобаны
іске асыру мақ­сатында облыс әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ, «KTZ Ехрrеss” АҚ, «Байқоңыр” ӘКК” АҚ мен
«Қорқыт ата әуежайы” АҚ аралығында келісімге қол қойылды. Соның ішінде «Қазақстан
темір жолы” АҚ жобаның 70 пайызын, ал, «Байқоңыр” ӘКК” 30 пайызын қар­жыландыруды
жүзеге асыратын бола­ды. Айта кету керек облыс әкімдігі та­­рапынан «Байқоңыр”
ӘКК” АҚ ар­қылы әуежай терминалы құрылысын қар­жыландыру мәселесі толық шешімін
тап­қан. Ал, «Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-ның инвестициялық ұсыныстары
мақұлданып, оны енді «Самұрық-Қа­зына”
ҰӘҚ” АҚ директорлар кеңесіне өткізу жоспарланып отыр.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз