ЖОЛДАУ ЖАРҚЫН ІСТЕРГЕ ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ

58

0

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген
отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі
Жолдауын жариялады. Елбасының Жолдауын қызылордалықтар көгілдір экраннан сол
сәтте тыңдауға мүмкіндік алды. Сондай
шара қаладағы арнаулы оқу орындарының бірі М.Мәметова атындағы
гуманитарлық колледжінде өтті. Онда ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас Отан»
жастар қанаты, «Жасыл ел», «Студенттер альянсы» қоғамдық ұйымдарының өкілдері,
жалпы колледж ұжымы жиналып Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» атты жаңа Жолдауын тыңдады.

Жолдауда нақтыланған 2015-2016 жылдарда атқарылуға тиісті
жұмыстар, әсіресе, қолжетімді баспанамен қамтуда алдын ала төлемсіз 1-2
пайыздық мөлшермен баспаналы бола алады деген сүйінші хабар жас отбасыларын
қуанышқа бөлесе, аға буын өкілдері Елбасы айтқан елдің бірлігін, ынтымағын
сақтау, ұрпақтар сабақтастығын дамыту секілді ұлттық идеяны өміршең етуге
негізделген міндеттерді зор ықыласпен қабылдады. Сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық
ахуалын тұрақтандыру, жұмыссыздықты болдырмау бағытында нақтыланған іс
әрекеттер де көпшіліктің көңілінен шыққаны байқалады.

Айнұр
БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз