ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

54

0

«Темір жол» партия
филиалының ақпараттық-насихаттық тобы көліктегі ішкі істер департаменті
Қызылорда стансасының ЖІІБ қызметкерлері арасында болып, Елбасының «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты Жолдауының маңызын түсіндіріп, ондағы басым бағыттар
туралы жан-жақты әңгімеледі.

Жиынға полиция полковнигі
Н.Ұмашев бастаған полиция қызметкерлері қатысты.

Шарада сөз алған филиал төрағасының орынбасары
Б.Танбаева:– Елбасымыздың әр жылғы дәстүрлі Жорлдауы «Нұр Отан» партиясы
қызметінде басшылыққа алынатын басты құжат болса, ондағы міндеттерді орындау
«Теміржол» партия филиалының негізгі жұмысы болып табылады,–дей келе биылғы «Нұрлы
жол» Жолдауында нақты басымдық берілген мәселелерге ерекше тоқталып өтті.
Сонымен бірге басқосуда «Теміржол» партия филиалының Саяси кеңес мүшесі
Қ.Оспымбетова Жолдауда ең бірінші кезекте көліктік-логистикалық инфрақұрылымды
дамытуға көңіл бөлініп отырғандығын, ол теміржол саласы қызметкерлеріне үлкен
жауапкершілік жүктейтінін, оған қоса көліктік-логистикалық инфрақұрылымды
дамытудың нәтижесінде елде көптеген жаңа жұмыс орындарын ашуға, жаңа
елді-мекендердің пайда болуына, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың көбеюіне
мол мүмкіндік туатынын тілге тиек етті. Жиын соңында ЖІІБ қызметкерлері
Жолдауда жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындайтындарын және
еліміздің өркендеуіне жаңаша жол ашатын тарихи құжатты бірауыздан
қолдайтындарын жеткізді.

Барлыбек БАТЫР.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз