ЖУСАННЫҢ ИІСІ БҰРҚЫРАП…

37

0

ЖУСАННЫҢ ИІСІ БҰРҚЫРАП...Биыл еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Бір ел–бір кітап» акциясы аясында №13  кітапхана ұжымы қазақ классигі, көрнекті жазушы, белгілі қаламгер Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» атты шығармасын талдауды  таңдады. Кітапхана ұжымы жазушының шығармасын кент орталығындағы №11 орта мектептің кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлмараш Жайықбаеваның және 6 сынып оқушыларының қатысуымен  бірлесе талқылады. Кітапханада «Жусан иісті дара талант» атты  көрме ұйымдастырылып, кітапханашы Айгүл Әбдікәрімова жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

Жазушының қазақ әдебиетінің қорын байытқан «Жусан иісі» кітабы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шалғайдағы ауыл балаларының бастан өткерген ауыр кезеңін, ел тұрмысын, зұлмат жылдардың әкелген қайғы-қасіретін шынайы суреттейді. Кітап, ондағы оқиғаның өрбуі жайында қызу пікірталасқа, талдауға  қатысқан оқырмандар шығармадағы басты кейіпкер Аянның төңірегінде біраз жайға қанықты. Одан көп нәрсе үйренуге болатындығына көз жеткізді. Сонымен бірге кездесуде жазушының басқа да шығармалары жайында әңгіме өрбіді.
Майра КЕМБІЛОВА,
аға кітапханашы.
Тасбөгет кенті. 
ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ АУҚЫМЫ АРТПАҚ
Жуырда Шиелі кентіндегі №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінде республикалық мұғалімдерге арналған «45минут.kz» сайтының редакторы Ізгілік Нағиевпен кездесу болып өтті. Бас редактор сайт тарихымен, қазіргі соны жаңалықтарымен, он-лайн семинарларды өткізу ерекшеліктерімен таныстырып, күніне 30 мыңнан аса қолданушысы бар сайттың күннен-күнге жұмысының жанданып келе жатқандығын, республика ұстаздарының сенімді әдістемелік көмекшісіне айтылғандығын атап өтті. 
Кездесу барысында әріптестердің сұрақтарына толымды жауаптар беріліп, сайтта ғылыми-әдістемелік материалдарды, үздік шеберлік сабақтарын жариялау жолдары, басылымнан сертификат алу жолдары сөз болды. Мұғалімдердің сайт жұмысына байланысты құнды ұсыныс-пікірлері де ортаға салынды. 
Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры Болат Сейілханов деңгейлік курс бағдарламалары аясындағы мектепте жүргізіліп жатқан жоспарлы іс-шаралармен таныстыра келе, «45 минут.kz» сайтын мектеппен желілік қоғамдастықта болуға шақырды.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ. 
Шиелі ауданы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз