ЖЫЛУ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

48

0

Өңірлік
коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Марсбек Молдабаев бастаған тиісті сала басшылары жылу беру маусымына байланысты
атқарылып жатқан жұмыстар және орын алып отырған кейбір мәселелер жайлы әңгімеледі.

Басқосуға
журналистермен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

М.Молдабаевтың
айтуынша, қала әкімінің өкіміне сәйкес жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіруші
қалалық штаб құрылып, жұмыс жасауда. Биыл Ұлттық қордан бөлінген 997 млн 178 мың
теңгеге 7 жоба бойынша ұзындығы 13 шақырымды құрайтын магистральды және кварталаралық
жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге, жергілікті
энергия көзі «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасы
аясында өз қаржысы есебінен 284 млн 441 мың теңгеге станцияның негізгі және қосалқы
қондырғылары, жоғары қысымды құбырлары жөнделген. Алайда кейбір тұрғындар тарапынан
үйлеріне жылу келмей отырғаны жөнінде шағымдар айтылып қалады. Бұған орай сала басшылары
тұрғындар өз тараптарынан ауыстырылуы тиіс қосалқы бөлшектерді сатып алуы тиістігін
айтады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес тұрғындардың ортақ меншіктегі
үйлердің өжіресіндегі ауыстырылуы тиіс жылу құбырларын барлығы бірлескен түрде,
ал пәтер ішіндегі құбырларды әр тұрғын өздері жасауы тиіс. Алайда, жоғарыда айтып
өткеніміздей, өжіредегі ескірген құбырлардың ауыстырылмауы немесе пәтер ішіндегі
жылу құбырларының жылу беру маусымына дайын болмауы салдарынан кей көпқабатты тұрғын
үйлерде мәселе туындап отыр. Мамандар қосалқы бөлшектерді тұрғындар алып берген
жағдайда, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен тиісті мекемелермен бірлесе отырып, оларды
тегін ауыстырып, орнатып беретіндерін айтады.

 

А.Сәрсенбайқызы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз