«ЖЫЛЫ ЖҮРЕК, ЖЫЛЫ ТІЛЕК»

47

0

Бүгінде қамқорлыққа зәру жандардың   қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осыны мақсат еткен  Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде  әлеуметтік педагог Жанат Серікбаеваның ұйымдастыруымен  «Жылы жүрек, жылы тілек» атты қайырымдылық акциясы  болып өтті. Шараны мектеп директоры Зарипа Тасымова ашып,   «Қамқорлық» республикалық  акциясының маңызы мен қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласының жақсылыққа қадам бастайтыны туралы сөз етті. 
Бұл қайырымдылық акциясына ауыл имамы М.Алдашбаев, кәсіпкер К.Иманзадаева, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысып, өздерінің жылы тілектерін, барлық уақытта көмек қолын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Шара барысында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қ.Исаева  «Жақсылық – жан шуағы» тренингін өткізіп, ол арқылы акцияға қатысушылардың жүрек жылуын балаларға, қамқорлыққа зәру жандарға бөліп, барлық адамзатқа жақсылық жасауға асығатынына  көз жеткіздік. 
М.НҰРМАНОВА,
№29 мектеп мұғалімі.
Қармақшы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз