ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОРЫН ЖЕТІСТІГІНІҢ КЕПІЛІ

55

0

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен
«Ұжымдық шарт жасасудың маңызы” тақырыбында семинар болып өтті. Оған бірқатар
мекеме басшылары мен тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Ұжымдық шарттың маңы­зын түсіндіру бағытындағы наси­хаттық-ақпараттық
жұмысты арт­ты­ру мақсатындағы семинарды об­лыстық индустриялық-инно­ва­циялық
даму басқармасы басшы­сының орынбасары Жолмырза Ела­ман ашып, жүргізіп отырды.

 

Жалпы, ұжымдық шарт ұйым­дағы әлеуметтік-еңбек қатынас­тарын
реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқы­лы олардың ұжымы
мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша ке­лісім нысанындағы құқықтық акт болып
табылады. Яғни, ол қыз­меткер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін қамтиды,
соны­мен бірге еңбек даулары мен жан­жалдарға қатысты жұмыс беруші және
қызметкерлер ұжымының мүд­делерімен келісуге мүмкіндік бе­реді. Мәліметтерге
сүйенсек, ағым­дағы жылдың бірінші шілде­сінде облыста 6005 мекеме бар, соның
ішінде ірі субъекті – 85, орташасы – 576, шағыны 5346-ны құрайды. Осылардың
4407-сі ұжымдық шарт жасасқан, ал 1598 мекемеде ол жоқ. Мамандардың ай­туынша,
олардың дені ауыл ша­руашылығы, құрылыс саласына қа­тысты жеке мекемелер болып отыр.

 

Басқосуда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері
Салтанат Нұр­жанова ұжымдық шарт жасасудың тиімділігі мен маңызы, жасалу
тәртібі жайында жан-жақты баян­дады. Сондай-ақ, еңбек қаты­насында туындайтын
дау-жан­жал­­дар, оны реттеудің жолдары турасында да әңгімеленді.

 

Семинар соңында сұрақтар қойы­лып, ой-пікірлер ортаға
салынды.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз