ЖЫР КЕШІ СЫР-СҰХБАТҚА ҰЛАСТЫ

55

0

А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде «Жыр – жүректің жауһары” атты жас жазба ақындардың әдеби-сазды кеші өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Құс қанаты – Қызылорда” қоғамдық қоры ұйымдастырған шараны сөз сөйлеп ашқан қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жас таланттарға шығармашылық табыстар тілеп, алдағы уақытта «Сыр жастары поэзиясының антологиясын” шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кеште Толқын Қабылшаева, Ботакөз Бексары, Ұлықбек Тәңірбергенов, Бақытжан Қалымбетов, Мақсат Дауылбай, тағы басқалар жауһар жырларын оқыды. Соңынан «Қазіргі қазақ өлеңі және Сыр бойының ақын жастары” тақырыбында «дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Онда белгілі әдебиетшілер Әскербек Рахымбекұлы мен Айжарық Сәдібекұлы жас ақындармен қазіргі қазақ поэзиясы, оның жетістіктері мен толғақты мәселелері туралы ой бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.

Шараның өткізілуіне облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетіп, «Игілік” корпоративтік қоры демеушілік жасады.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз