ЖЫР ТҰЛПАРЫ – ТОҚТАҒҰЛ

67

0

Биыл қырғыз халқының абыз ақыны,
сазгер Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдығы аталып өтпек. Осы орайда Түркі
халықтары Мәдениеттер бірлігі ТҮРКСОЙ тарапынан бүкіл түркі әлемінде «Тоқтағұл
жылы» болып белгіленді.

 

Осы
мерейтойға арналып алты түркі
мемлекеттері ха­лықтарының тілінде «Тоқтағұл: жырларға өрілген, күйлерге тө­гілген
өмір» атты 6 арнаулы кі­тап Ыстамбұл қаласындағы бас­падан басылып шықты.

Арнау кітапта
Тоқтағұл ақын­­­ның өмірі мен шығар­ма­шы­лығы толық қамтылған. 30 баспа табақ көлеміндегі көрнекті кітапты қазақша аударған, қо­­ры­тынды
мақаласын жаз­ған Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универси­те­ті­­нің
Қазақ әдебиеті ка­фед­ра­сының меңгерушісі, про­фес­сор Темірхан Тебегенов бол­ды.
Ол осы еңбегі үшін ТҮРК­СОЙ-дың «Тоқтағұл» ме­ре­келік медалімен, Қырғыз Рес­публикасының
мәдениет, ақ­парат және министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

С.АДАЙБАЕВА.

 

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБТАР ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

 

Жуырда
М.Мәметова атын­дағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Әскери-патриот­тық, әскери-спорттық, әскери
із­дестіру және спорттық-техни­калық клубтарды дамыту” атты тақырыпта кездесу
болып өтті.

 

Оған бірқатар мекеме бас­шылар, білім
саласының ма­ман­дары, студенттер мен «Қазақ­станның әскери-патриоттық клуб­тар
ода­ғы” корпоративтік қо­рының өкілдері қатысты.

Жастарды патриоттық се­зім­ге баулу,
еліміздің барлық өңі­рінде мектептер мен арнаулы, жоғары оқу орындарында әскери
клубтар ашылып, олардың жұ­мы­сын
жандандыру, жас жет­кін­шектерді отанына деген сүй­іспеншілігін арттыру
негі­зін­де өт­кізіліп отырған шара кез­де­су­­дің басты мақсаты болып та­былды.

Осы орайда аталмыш қор­дың өкілдері
еліміздің түкпір-түк­пірінде болып, шалғай
ау­ылдан бастап әскери клубтар ашылып, оның атқаратын жұ­мыстары мен жастарға
беретін тәрбиесі тұрғысында түсіндірме жұмыстары жасалып келеді екен.

Сондай-ақ, шара барысында қала
мектептерінің «Алғашқы әскери дайындық” пәнінің мұ­ға­лімдері баяндама жа­сап,
клуб­­тың атқаратын жұмыс­тары­­на кеңінен тоқталып өтті. Жиналғандар «Отан
қорғау­шы­лар” әскери-патриоттық ла­ге­рі тәрбиеленушілерінің жат­тығу
жұмыстары жайлы тү­сі­рілген
бейнероликтерді тама­шалады.

Қазіргі таңда өңірімізде әс­кери
мақсатты үйірмелер ғана жұмыс жасайды екен. Алдағы уақытта әскери клуб ашылып,
жұмысын бастайтын болады.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз