ЖЫРЛАЙМЫН, ЖАЛАҒАШЫМДЫ

57

0

ЖЫРЛАЙМЫН, ЖАЛАҒАШЫМДЫ

Күрішті де ырысты Жалағаш ауданы құт-береке қонған
жер. Ке­зін­дегі қазақтың батырлары мен билері Бұхарбай, Тоғанастардың қаны
тамған жерден есімдері елге танымал талай айтулы азаматтар түлеп ұшқан.

Берекелі аймақтың өнері де өркен жайған. Кеше
Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында осы аудан
өнерпаздарының «Жырлаймын туған елімді” атты гала-концерті үлкен табыспен өтті.
Жалағаш ауданының өнері мен мәдениеті күніне арналған мерекелік шараға облыс
әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

ЖЫРЛАЙМЫН, ЖАЛАҒАШЫМДЫЖалағаштық өнерпаздар сахна шымылдығын «Алтын-арай”
халық ән-би ансамблі бишілерінің «Қасиетті домбыра” биін орындауы­мен ашты.
Мұнан соң «Мұрагер” атты домбырашылар
ансамблі орындаған Құрманғазының күйі «Балбырауын” да көрермендерді баурап
алды. Келесі кезекте жыршы-термешілер Эльмира Есназар, Айбек Есжанов, Бейсенбек
Төлеубаев, Нұрбек Әбдиевтер жырлардан шашу шашса, әншілер Қуантқан Мысатаев,
Айгерім Ысқақова, Шынтас Мұсаевтар Ақан серінің «Ләйлім” әнін, ал Жасұлан
Жәрменов Абайдың «Көзімнің қарасы” әнін тамылжыта орындады.

Бір құптарлығы, осы концертте жеке жыраулар мен
әншілер ғана емес, вокалды топ, фольклорлық ансамбль, хор, оркестр ұжымдары да
өнер көрсетіп, халық театры әртістері қойылымдардан үзінді тарту жасады.

Салтанатты шара соңында Ж.Дәулеттің «Қазақтай ел
қайда” әні қанат қағып, еліміздің берекелі бүгіні мен кемел келешегін
көпшілікке паш етті.

 

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз