ТАРИФТЕР НЕГІЗСІЗ ӨСІРІЛМЕЙДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2017 жылдың І жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. 

Департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың негізгі бағыттары: инфляцияға тарифтердің шекті салымы төңірегінде реттелетін қызметтерге тариф бекіту, ТМС инвестициялық міндеттемелерін орындауды бақылау және бәсекелестік саласында заңнаманың бұзылуын алдын алу, анықтау мен тергеу, жолын кесу, адал бәсекелестікті дамыту екендігін жеткізді.

2017 жылдың басынан бастап реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифі, сумен жабдықтау қызметінің тарифін қоспағанда өткен жылғы баға деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында департаментке 16 қызмет түрі бойынша 15 өтінім түсіп, олардың 6-ы ұсынылған құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес болмауына байланысты қараудан бас тартылды. 2 субъектінің өтінімі қайтарып алынып, 7 өтінім бекітілді. Тарифтерді бекіту бойынша өтінімдерді қарау нәтижесінде тарифтер деңгейі төмендетіліп, 2676,5 млн теңге үнемделді.

Гүлмира Сейітбекқызының айтуынша, департамент ҚР Кәсіпкерлік Кодексін басшылыққа алып, 2016 жыл бойынша электр энергияны бөлшек саудада сату бағасына сараптама жүргізіп, нәтижесінде 2017 жылдың 1 тамызынан бастап облыстағы электр энергиясының бағасы 1 кВт/сағатқа қосымша құнсыз 3,3 пайыздан 8,2 пайызға дейін төмендетілді.

2016 жылы тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 15 табиғи монополия субъектілеріне 24 уақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы тұтынушыларға 583,81 млн теңге қайтарылды.

– 2017 жылдың І жартыжылдығында тауар нарығында 7 талдау жүргізіліп, кейбіріне ҚР бәсекелестікке қарсы сала заңнамасын бұзу фактісі бойынша тергеу басталды. Одан басқа департамент тарапынан тауар нарықтарының жағдайына үнемі бақылау жасалып, негізсіз мемлекеттік қатысуға жол берілмейді, – деді Г.Өтегенова.

Заңнаманың сақталуына бақылау жүргізу аясында І жартыжылдықта 6 тексеру жүргізіліп, 13 заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 қаулы шығарылып, 3,9 млн теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі кезде 3 тергеу жүргізілуде.

 

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.

Әлеумет 27 шілде 2017 г. 514 0