Азаматтық қорғау саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

Құрметті мекеме басшылары!

Жыл сайын заңдарға, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні баршаңызға мәлім.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімі Сізге азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қысқаша түсіндіреді. ««Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы18 наурыздағы № 209 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 15035 болып тіркелді) 6-тармағына сәйкес облыстың, облыстық маңызы бар қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі болып табылатын Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне және 6-1-тармағына сәйкес облыстық маңызы бар қала мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне), демек Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдеріне есеп береді. Есепті Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тапсырады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының 20-бабы 3-тармағына сәйкес аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайлардың туындау қаупiн туғызатын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар аса маңызды санатқа жатады. Санаттандырылған ұйымдарға:

аса маңызды мемлекеттік меншік объектiлері;

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар және маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар;

уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;

аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар жатады.

«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1060 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бірлескен бұйрығының 2-қосымшаның 4-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілерге:

орталық атқарушы органдар ведомстволық бағынысты ұйымдары;

облыстық, қалалық және аудандардың жергілікті атқарушы органдар;

азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;

базасында Азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар;

табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар жатады.

Сіздерден жоғарыда көрсетілген Бұйрықтың талабына сәйкес есептерді уақтылы жолдауды сұраймыз. Есеп уақытылы жолданбаған жағдайда, тиісті заңнама талаптарына сәйкес есепті ұсынбаған объект азаматтық қорғаныс саласы бойынша тексеру тізіміне енгізілетінін назарларыңызға жеткіземіз.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник С.Сыздық
Әлеумет 07 қыркүйек 2017 г. 564 0