АУЫЗСУ АЛЫСТАҒЫ АУЫЛҒА ДА ЖЕТТІ

Біздің ауыл – Қармақшы ауданы орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан ең шалғай елді мекен. Осы ауылдың аса өзекті мәселелерінің бірі – ауызсу болатын.

Өткен жылы ауылдағы тұрғын үйлерге су желісі тартылды. Қазір тәулік бойы үзіліссіз ағып тұр. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары ауызсуды автокөлікпен тасымалдайтын едік. Биыл үйіргелік жерімізге бақша егуді жоспарлап отырмыз.

Былтыр аудан орталығы – Жосалы кентіндегі 1383 үйге ауызсу құбыры тартылды. Сондай-ақ, ауызсуға қатысты қиындық көршілес Қуаңдария, Алдашбай ахун, Қармақшы,  Дүр Оңғар, Иіркөл ауылдарында да шешімін тапты. Тұтынушылардың үйлерінің шекарасына дейін су құбыры жеткізілді.

Қазір аудандағы 29 елді мекеннің 18-і орталықтандырыл­ған сапалы жерасты суымен үзіліссіз, тәулік бойы қамтамасыз етілген. Бұл елді мекендерде аудан халқының 99,5 проценті тұрады. Ал қалған 11 елді мекенде, яғни шағын разъездерде, малшы ауылдарда небәрі 246 адам тұрады.

Сапалы ауызсу – тұрғындар денсаулығының жақсаруына, тұрмыстың түзелуіне тікелей әсер ететін болғандықтан, бұл жаңалық барша жерлестеріме қуаныш сыйлады.

С.ҚОЙШЫҒАРАЕВ,

 Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны,

Қармақшы ауданы.

Әлеумет 06 ақпан 2018 г. 592 0