ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫНА КӨЗ ТОЯДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың ел алдындағы есепті кездесуінен көп нәрсені көңілге түйдік. Өңірімізде атқарылған жұмыстардың нәтижесіне көз жетіп,  көңіл қуанды. Қай саланы алып қарасақта, соңғы бес жылда оң өзгерістер басым. Әсіресе, өзім құрылысшы болғандықтан аймақта қолға алынған құрылыс жұмыстарына ерекше назар аудардым. Мәселен, сол жақ жағалаудағы жаңа қалада 18 көпқабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның көтерілуі, "Рухани жаңғыру" орталығының құрылысы мен «Болашақ» университетінің кампусы, Жастар ресурстық орталығының салынуы үлкен бастама. Сондай-ақ, биыл аймағымызда шыны зауыты іске қосылмақ. 

Жылына 27 млн. шаршы метр керамикалық плита және керамикалық гранит шығаратын зауыт құрлысы басталады. Осы жылдың көктемінде Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын өндіріс орнын  бастаймыз. Біздің Қармақшы ауданында құс фабрикасының жұмысы қолға алынып жатыр. Неше жылдан бері жұмысын тоқтатып тұрған лагерьдің құрылысы аяқталып халық игілігіне берілмек. Мұның барлығы экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымыздың алға ілгерлегенінің белгісі. Сонымен қатар, биыл кентке газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы легі мамыр айында беріле бастайды. Бұл аудан тұрғындарын ерекше қуантып отыр. Осындай игі бастамалардың жүзеге асуына ықпал еткен облыс әкіміне алғысымыз шексіз.

          

Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,

Қармақшы ауданы ардагерлер 

кеңесінің төрағасы.

Әлеумет 15 ақпан 2018 г. 814 0