ИЕМДЕНГЕН ЖЕРДІ ИГЕРУ МІНДЕТ

 Қоғамдық өмірімізде орны ерекше мәселенің бірі – жеке тұрғын үй құрылысы. Осы мақсат үшін жер учаскелері заңнамаларға сәйкес Бас жос­парда аталған мақсаттарға бос аумақтар болған жағдайда, тек қана кезектілікке сәйкес, бөлінетін алаңдардың дайын болуына қарай және олар инфрақұрылыммен (су, электр, жол және т.б) қамтамасыз етілген кезде беріледі.
Бұл мәселені шешу үшін соңғы 3 жылда облыс аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуға 14,1 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде Қызылорда қаласындағы аумақты тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 8,9 млрд теңге қаралды.
Облыс орталығындағы «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан жалпы көлемі 980 гектар аумақ («Бәйтерек» шағын ауданы) жеке үй құрылысы үшін беріліп, қала тұрғындарының өтініштері қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, жаңадан «Бәйтерек-2» тұрғын ауданынан жалпы көлемі 150 гектар жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, инфрақұрылымдарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлінді. Алдағы уақытта кезектілікке сәйкес аталған аумақтан жер учаскелері табысталады.
Осы тектес шаралар басқа аудандарда да жүзеге асырылуда. Аудан орталықтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 5,2 млрд теңге қаражат игерілді.
Осының нәтижесінде, инфрақұрылыммен қамтылған 16 алаң дайындалып, биылдың өзінде 700-ден астам жер учаскесі табысталды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру көрсеткіші бойынша аймақ республикалық деңгейден жоғары тұр.
Облыс аумағында 2012-2015 жылдары – 2497 жер, 2016-2018 жылдары 8 мыңға жуық жер телімі берілді.
Байқап отырғандай, жер телімімен қамтамасыз ету динамикасы  2012-2015 жылдармен салыстырғанда 2016-2018 жылдары 3 есеге артқан. Дегенмен, игеру жағдайы өте төмен.
Қызылорда қаласында «Бәйтерек» шағын ауданында табысталған 5112 учаскесінің 28%-і ғана құрылыс жұмыстарын бастаған. Қалғандары игерілмеуде.
Жер заңнамасына сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскесі 3 жыл мерзімге жалға беріледі. Осы мерзім ішінде жер учаскесін игерсе меншігіне рәсімделеді. Тиісінше игермесе жер мемлекетке қайтарылады.
Осы ретте, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алған тұлғаларды жер телімін мерзімінде игеріп, меншігіне уақытылы рәсімдеуге шақырамыз.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілік тізімі қала, аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурс­тарында орналастырылған.

Облыстық жер қатынастары басқармасы.

Әлеумет 24 желтоксан 2018 г. 1 383 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031