Қамқорлық бізді қанаттандырады

Биыл 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау науқаны өткізілетіндігі бәрімізге белгілі. Құрамында 400-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматы бар Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі мүгедектер қоғамы науқанды толығынан қолдаймыз және дауыс беруге қатысамыз. 

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан барынша көңіл бөлі­ніп келеді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауларда дауыс беруіне бар жағдай қарастырылуда.

Еліміздің Тұңғыш Прези­ден­ті-Елбасы Н.Назарбаев мүм­­кіндігі шектеулі жандарға қам­­қорлық жасау, еңбекке ара­­лас­тыруды үнемі назарда ұстай­­тындығы белгілі. Осындай қолдау негізінде Сексеуіл кентінде 2016 жылы қоғамдық кеңес құрылып, ол 2018 жылы 16 сәуірде заңды түрде тіркеліп, жұмыстар жүр­гізіліп келеді. Спорттың бірнеше түрінен жа­рыстарға қатысып келеміз. Облыстық көктемгі, күзгі сайыстарда тоғызқұмалақтан ІІ топ мүгедегі  Тұрар Қабылов жеңіске жетіп, республикалық жарысқа жолдама алып, спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Шахматтан, дойбыдан облыс біріншілігінде ІІ топ мүгедектері Рита Жүсіпова және Әсем Жү­сіпова жеңіске жетті. ІІ топ мүгедегі, зейнеткер Орынбасар Боранғазиев тен­нистен ІІІ орынға ие болды. ІІ топ мүгедегі Руслан Айтбаев жүгіруден ІІ орынды иеленді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс күндері арнайы залға келіп шахмат, дойбы, домино және тоғызқұмалақ ойнауына жағдай жасалды. Осы үшін де кент әкімшілігіне және ардагерлер кеңесіне алғыс айтамын. Осындай жетістіктерге жетуімізге тікелей ықпал еткен облыстық мәслихат депутаты Қадірберген Бедер, мешіт имамы Алпамыс Ізбасқанов, станса бастығы Сапарғали Салмаев, локомотивті пайдалану депосының бастығы Сейілхан Ержанов, локомотив қозғалыс қауіпсіздігінің бас маманы Ер­кебұлан Аяғанов, теміржол жөн­деушілерінің бастығы Мәжит Құр­манбаев және желілік полиция майоры Әнуар Бекниязов сынды азаматтарға риза­шылығымыз шексіз. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов, аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Ермек Утешов және облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Мұрат Жұмадилдаев та біздің әр бастамамызға қолдау танытып, қанаттандырып келеді.


Жолмырза МЫРЗАҒҰЛОВ,

Сексеуіл кенті мүгедектер қоғамының төрағасы. 

Әлеумет 30 сәуір 2019 г. 861 0