Жақсылық жасауға асығайық

Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебінде  республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында облыстық шара өтті. Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқу, тәрбие ісінен шет қалдырмай, оларға материалдық көмек көрсету. Бұл жаңа оқу жылында әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Шараға қазақстандық сала­­лық білім және ғылым қыз­мет­керлері кәсіподағының  облыс­тық төрайымы Райкүл Байназарова, қалалық  кәсіподақ ұйы­мының төрайымы Орынша Әлімбетова, «Nur Otan» пар­­тиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенжол Назаров және Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік универ­­ситетінің оқу-тәрбие ісі жө­нін­дегі проректордың міндетін атқарушы Жандос Базартай қатысты. Акция барысында Қорқыт ата уни­вер­ситеті қызметкерлерінің демеу­шілігімен 20 бүлдіршінге сый жасалды. Ал облыстық білім беру қызметкерлері кәсіп­одақ ұйымының төрайымы Райкүл Байназарова 20 балаға, қалалық  кәсіподақ ұйымының төрайымы Орынша Әлімбетова 80 оқушыға, мектеп директоры Айгүл Мұсабаева 10 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасын және спорттық киімдер сыйға тартты. Осылайша балалар қуанышы еселенді. Акция шеңберінде оқушыларға қолдау көрсету алдағы уақыттарда да жалғасын табады.

Б.ЖАҚСЫЛЫҚ,
мектеп директорының орынбасары.
Әлеумет 22 тамыз 2019 г. 350 0