Бала – ата-ананың айнасы

Баланың ақылды, әдепті  болып өсуі – ата-ананың  мерейі. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген дана халық қой.
Даналығы мен даралы­ғы, тәрбиесі мен өнегесі сөзінде көмкерілген. Аталарымыздан «Тәрбие – тал бесіктен», «Баланы – бастан» деген нақыл сөз қалған. Тәрбиенің не­гізгі мақсаты – еңбекке бау­ли отырып, жеке тұлға қалыптастыру. Еңбек – бала­ның өмірлік қажет­тілігі. Еңбектенбеген бала еш­теңенің қадірін біл­мей­ді. Алдымен баланың көз­қарасын дұрыс қалып­тастырып алу қажет.
Баланы ойын арқылы қарапайым еңбекке тәрбие­леуге болады. Мысалы, екі-үш жасар баланың күн­делікті тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын шашып-жи­на­ғаны, киімдерін жинауы – бәрі еңбекке жатады. Осы арқылы есте сақтау, зейіні, көру қа­білеті дамиды. Ба­ланың әр жасағанына мақтау айтып отыру қажет.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қа­білетін дамытады. Ойын­сыз ақыл-ойдың қалып­тасуы мүмкін емес» депті В.Сухамлинский.  Бала ойын ойнағанда үлкен­дер­ден, теледидардан көрген­де­рін қайталайды. Өйт­ке­ні ойын кезіндегі іс-әре­кеті, қимыл-қозғалысы бәрі отбасында көрген білген­дері­нің айқын дәлелі. Бал­­ғын­дардың ойынын ба­йып­тап қарап отырсақ, оларға қандай тәрбие бе­ріліп жатқанын аңғарып, тіпті келешекте қандай ма­мандық иесі болатынын болжаймыз.
Балабақшада үлкен­дер­дің көмегімен гүлдерді суару, ағаштарға су  құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды  қойып шығу сияқты жұмыстарды үйретеміз. Еңбектің пайдасы жөнінде түсінік бе­ріп, алдына мақсат қоя бі­­луге қалыптастырамыз. Бастаған істі соңына дейін жеткізуге баулығанның пай­дасы орасан. Ертегі кей­іп­керлері арқылы үл­кен­дердің еңбегін құр­мет­­теуді үйрету ізденісті қажет етеді. Мысалы, «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Қайдан келдің, бауыр­сақ?»  деген әңгіме­лер ар­қы­лы барлық заттардың ең­бек­пен келетінін тү­сін­діреміз.
Баланың көзінше ар­тық сөз айтудың керегі жоқ. Халқымызда «Бала – ата-ананың айнасы» деген сөз бар. Балаларды еңбек түрле­рімен және кәсіптермен ерте таныс­тырғанның зия­ны жоқ. Бұл арқылы ұжым­дық ең­бекті татулықпен атқаруға үй­ренеді. Еңбектің әр тү­ріне баланың қызы­ғушы­лығы оянғанда ұжымда еңбек ету белсенділігі, ын­та ықы­ласы артады. Өз қолы­мен істеген еңбегіне қуанып, мақтанады. Ерін­шектік, жал­қаулық, шала­ғайлық, ұқыпсыздық сияқ­­ты әдет­терден аулақ болуды, ба­қыт адам­ға еңбек арқылы келе­тінін ұғындыру керек. Ұрпа­ғымыз еңбекқор болып өссе, кейін рақметін айтпаса ренжімейді деген сенім­демін. Тәрбиелі әрі білімді ұрпақ – ел ертеңі, кемел келешек кепілі. Ендеше жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру – аға буынның парызы.

 Жадыра ЖҮНІСОВА,
№5 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі.
Әлеумет 20 қазан 2019 г. 530 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930