Ел ырысы еселене берсін

Ізбасар Ысқақов,

Жалағаш ауданы, «Еңбек-  

Жер» ЖШС механизаторы.

– Ауылда туып, ауылда өстік. Сондықтан шаруашылықтың барлық түрі де бізге жат емес. Бозбала шағымда техника тілін білуге құштарлығым ерекше болатын.

Мамандық алысымен, ау­ыл­дағы қайнап жатқан тір­шілікке араласып кеттік. «Ең­бек-Жер» серіктестігінде 1984 жылдан бастап жұмыс істеп келемін. 1988-1991 жылдары Қызылорда облысындағы совхоз техникумда оқып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда 5 балам, 5 немерем бар. Қандай бір жетістікке қол жеткізсек, осы балалардың несібесі деп ойлаймын.

2013 жылдан бері еңбегім­нің нәтижесіне қарай алғыс хаттармен, түрлі заттай сый­лықтармен марапатталдым. Өтіп бара жат­қан жылда «Еңбек-Жер» ЖШС-ның төрағасы Искаков Ша­кизат­хан су жаңа Лада Гранта ав­то­көлігін сыйға тартты. Ең­­бегімді бағалаған шаруа­шы­лық төрағасына, ұжым­дастарға алғысым ерекше. Елдің бере­кесі арта берсін!

Әлеумет 31 желтоксан 2019 г. 374 0