Отбасылық бизнесті өркендеткен

Бүгінде кез келген құрыл­ғының басқару те­тігі бар. Былайынша айт­қанда, пульт дейміз ғой. Теледидардан бастап, өзі­­ңіз мініп жүрген кө­лікті те осы кішкентай тетікпен оталдырып, күн суықта сыртқа шықпай-ақ қыздырып келеміз. Енді бір мысал, аулаға кірерде қақпаны ашу үшін көліктен түсіп, үйге беттейміз ғой. Қазір мұны да пульт ар­қылы басқаратын болған. 

Былтыр «Жастар жы­лында» «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша та­лап­керлерге 505 мың теңге берілді. Бұл мүмкіндікті пайдаланғанның бірі – Жансая Жүнісова. Көп­балалы ана «Қандай кәсіп ашуға болады?», «Менің қолымнан не келеді?», «Төрт балама жеткілікті уақыт бөліп, қасынан табы­латын қандай іс бар?» деген сұрақтарды әуелі өзіне қойған сияқты. Бас­тысы ниет бар. Бірақ не істеу керегін білмей дал. Міне, осы жерде ай­мақтық кәсіпкерлер пала­тасының көмегіне жүгін­ген ол кәсіпкерлерге қа­жет бағдарламалармен та­ны­сып, отбасылық кә­сіпті таңдайды. Отағасы Ғалым екеуі «Ақылды үй» жобасын қолға алады. Өрт сөндіру дабылы, турникет, дарбазаға автоматика ор­нату секілді жұмыстар осылай басталған.

– Күйеуім бұл кәсіптің қыр-сырын біледі, 8-9 жыл уақыт осы салада жүрді. Тапсырыс та жеткілікті еді. Сосын «неге істеп көрмеске» деп талпындық. «Жас кәсіпкер» жобасында арнайы бір мамандыққа оқытпаса да, кәсіп жай­лы жалпылама айт­ты. Салыққа қатысты түсін­дірме жұмыстарын жүр­гізді. Қиындықтан қалай шығу керек екенін де атап өтті. Өзіміздің нақты мақсатымыз жайлы сұрады. Шынымды айтсам, менің мамандығым журналист, қолымнан жазудан басқа еш­теңе келмейді екен. Бірақ, қорықпай отбасылық биз­несті таңдадым, – дейді Жансая Жүнісова.

Көпбалалы ана мем­лекет қолдауымен алған қар­жысын оңды-солды шаш­пай, қолдан келер іске, игілікті жұмысқа пай­даланды.

– Егер кәсіптен қиын­дық туындаса, палата қыз­метіне жүгінеміз. Кез келген мәселенің ше­шімін тауып береді. Ар­найы кәсіпкерлерге көмек­тесетін орталықтың бар екенін білмейді екенмін. Электронды счет-фак­ту­раны да жақында естідім. Қалай тіркелу керегін біл­меген соң, осында кел­дім. Мамандар үйретіп, көр­сетіп берді. Осындайда мем­лекет қолдауына қуа­насың. Әсіресе, «Бизнес Бастау» жобасын атап ай­туға болады.  60 жас­қа дейінгі кез келген жұмыссыз оқып, 250 мың теңге көлемінде қаржы ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүрген жерімде осы жай­лы айтып келемін. Мал бағумен де айналысып, өз-өзіңді қамтамасыз етуге болады. Тиімді емес пе? – дейді мемлекеттік бағ­дар­ламаның игілігін көрген жас отбасы.

Ерлі-зайыпты кәсіп­кер­лердің алдағы жоспары – тендерге қатысу. Ол үшін қыр-сырын үйрететін курс оқып, мәліметтер жинақ­тауда.

– «Ақылды үй» ЖК был­тыр қыркүйек айында заңды тіркелді. Біз аудио, видеодомофон құрумен, камера орнатумен, авто­матика, рольставни, сек­циондық қақпалармен ай­­налысамыз. Сондай-ақ тур­никет, шлагбаум, күзет-өрт дабылын орнатамыз. Бәрі автоматтандырылған жүйемен жұмыс жасайды. Өздеріңіз білесіздер, «Ақылды қала» жобасы бір­тіндеп іске асуда. Үйі­ңізге кіріп келгенде жарық өзі жанса, пультті баса қалсаңыз болғаны, перде өзі ашылып, шай өзі қойыла берсе немесе үтігіңіз қо­сулы қалып, жұмыста оты­рып-ақ сөн­діре ал­саңыз керемет емес пе?! Міне, осындай дүниелерді қолға алсақ дейміз, – дейді отағасы Ғалым Мақашов.

Кәсіпкер атанып жүр­гендер көп. Ал отбасылық кәсіппен айналысатындар аз. Біз айтып отырған Ғалым мен Жансая уақытының көп бөлігін балаларымен өткізеді. Ғаламтор арқылы жұмысты жүргізіп, тап­сырыс қабылдайды. Бү­гінде зат сатудың да, таны­малдылыққа ие болудың да, жұлдыз атанудың да мүмкіндігі әлеуметтік же­ліде екені жасырын емес қой.

Айтпақшы, қай істе болса да отағасына қолдау білдіретін қазақ әйелінің керемет үлгісін көрсеткен әріптесіміз Жансаяның бұл тәуекелі көп жастарға үлгі болатындай. Бір-біріне қолдау білдірген жас отбасының бизнеске басқан қадамына сәттілік тіледік.

 

Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ.

Әлеумет 26 қаңтар 2020 г. 459 0