Мәселе прокурор ықпалымен шешілді

Бүгінгі күні әйелдердің қоғамдағы орны орасан. Олардың қатарына ана­ларды ғана емес, қоғам үшін пайдалы іс атқарып жүрген қыз-келіншектерді де қосуға болады.

Прокуратура саласында көпжылдық еңбегі бар Сая Темірбекқызы Қар­мақшы ау­­данында дү­ниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, 1998 жылы Алматы қаласындағы әл Фараби атындағы Қа­зақ мемлекеттік ұлт­тық уни­вер­ситетінің заң фа­ку­ль­тетінде құ­қық­­тану ма­ман­дығы бо­йынша білім алды. 2000 жылдан бері құқық қорғау органдарында ең­бек етіп келе жатыр. Қыз­меттің сан қилы бас­палдағынан өткен Сая Темірбекқызы – жиырма жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Осы ара­­лықта Қармақшы ау­дан­­дық, Қызылорда қа­ла­­лық және облыстық про­­ку­ратураларында әр­түрлі қызмет атқарды. Бү­гінде ол – облыс про­курорының аға көмек­шісі. Отбасында аяулы жар, сү­йікті ана. Жан жары Дай­рабек Серікбайұлымен бірге бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп отыр.

Былтыр қараша ай­ын­да Тасбөгет кенті әкім­дігінде прокурор Сая Темірбекқызы, қо­ғам­дық кеңес мүшелері, қалалық жол құрылысы, көлік саласы және жо­лау­шы тасымалы паркі қыз­мет­керлерінің қаты­суы­­мен қоғамдық қабыл­дау өтті. Кент тұрғындары көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Соның бірі – кенттің күншығыс бе­тіндегі тұрғындарды алаң­датқан қоғамдық кө­лік­тің жоқтығы. Мә­се­лені шешуде Сая Темірбекқызы тиісті орын­дардың өкіл­дерімен сөй­лесіп, көлік қозғалысына ықпал етті. Қазіргі кезде автобус кес­теге сәйкес жүріп тұр. Тұрғындар дән риза.

Қ.ДОСТЫБАЕВ. 

Қызылорда қаласы.

Әлеумет 22 ақпан 2020 г. 1 129 0