Мүмкіндігі шектеусіз махаббат!

726

0

Тағдырдың жазуымен екі аяғымен жер басып жүру бақытынан айрылған, алайда сол қиындықтарды жеңген Нұрмұхаммед пен оның ата-анасының ерлігі.

Нұрмұхаммед қатарымен бірге мектепке бара алмады, үйінен оқыды. Ол басқалар секілді жазуды қолымен жаза алмайды аузына таяқша тістеп, сол арқылы ойын, өлеңдерін ұялы телефонға жазады.


Басқа түскен қиындықтарына қарамастан Нұрмұхаммед өлең жазады, кітаптар шығарды. Осылай қоғамға өз үлесін қосып жүр. Ол жуырда үйленіп, балалы болды. Осындай ерік-жігері мықты жан туралы смартфонға түсірілген Нұрбек Әмишаның фильмі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<