Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТПАУЫ – ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ»

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді.Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Әлеумет 25 қаңтар 2020 г. 837 0
Интернетсіз бір күн

Интернетсіз бір күн

  Бірден айтайын, «интернетсіз өмір сүре аламын, оның маған қажеті шамалы» десем, жалған сөйлеп тұрғаным белгілі болып қалар. Дегенмен, өзімді интернетке соншалықты тәуелді жандардың қатарына жатқыза қоймас едім. Ата-анамның жеке смартфон алып бергеніне әлі жыл да тола қойған жоқ. Әлеуметтік желіде екі ғана топқа мүшемін: бірі туыстар болса, екіншісі сыныптастарым. Жасөспірім болғандықтан «YouTube» негізінен қыздарға арналған бейнелерді қараймын. Мысалға айтсам, шаш үлгілері, сәнді киімдер немесе тәтті тағамдарды әзірлеуді үйрететін роликтер. 
Әлеумет 23 қаңтар 2020 г. 1 010 0
«Жабайы» такси –   көлеңкелі табыс

«Жабайы» такси – көлеңкелі табыс

Нұрлыбек аға алты-жеті жылдан бері таксист болып, нан тауып жүр. Мұнай компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істеген оның жаппай қысқартудан бергі кәсібі – осы.
Әлеумет 18 қаңтар 2020 г. 1 026 0
Адамның көркі – сөз

Адамның көркі – сөз

Жазушы-журналист Еркін Әбіл ағаның ғибратты әңгімесіндегі мына бір жолдарды оқыған адамның ойға қалмауы мүмкін емес. Онда былай деген: ... Қорлық та өлімнен күшті көрінеді. Әсіресе, ол адал адамға ауыр соғады. Шаншу болып қадалатын шайпау сөз қате тисе де, бата тиетіні сондықтан. Ойландыратын жайт! Өмірде не болмайды, көресің де, естисің де! Ойланбай, мән бермей айта салған бір ғана жағымсыз суық сөздің ызғары ішкі сарайыңды аяздай қарып, қылдан нәзік көңіл жиегін үсітіп, тіпті сан тарауға дамылсыз жылу беріп тұрған жүрек-пешінің сыртқа мейір төгетін бір түтігін мұз ғып бітеп тастайды екен!
Әлеумет 13 қаңтар 2020 г. 266 0

2020 жылдың ерекшелігі

Өседі! 2020 жылдың жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, тағысын тағылар бойынша жағымды жаңалығы құлаққа майдай жақты. Парламент палаталары мақұлдап, Президент бекіткен бірнеше заңның қатарында 2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы құжат та бар. Ендеше, түрлі төлемнің көбеюінен бөлек, қазақстандықтарды басқа қандай өзгеріс күтіп тұрғанын тарқатып айтайық.
Әлеумет 06 қаңтар 2020 г. 116 0

Адами капиталдың алғышарты – денсаулық пен білім

Қоғамда адами капитал маңызды фактор екені белгілі. Ал оны дамытуға үлес қосатын басты салалар ретінде білім беру мен денсаулық сақтауды айтамыз. Себебі, дені сау, білімді ұрпақ ғана мемлекеттің, ұлттың құнды қазынасы, ел ертеңі саналмақ. Осы орайда мемлекетімізде, оның ішінде облыс көлемінде қос саланы дамытуда айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биылдың өзінде қаншама тындырымды тірліктің істелгені анық. Тағы бір жылды тәмамдап, Жаңа жылды қарсы алар тұста екі саланың жұмысын саралауды жөн көрдік.
Әлеумет 02 қаңтар 2020 г. 764 0

Ел ырысы еселене берсін

Ізбасар Ысқақов,Жалағаш ауданы, «Еңбек-  Жер» ЖШС механизаторы.
Әлеумет 31 желтоксан 2019 г. 808 0
Келер күннің  игілігі көп

Келер күннің игілігі көп

Бейсенбіде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал, Қазалы аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың ашылу рәсіміне қатысты. Теңіз төскейіндегі ауданда «Aral» қонақ үйі ашылса, Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталды. Көптен күткен «Әлсейіт» көпірі ел игілігіне берілді.
Әлеумет 28 желтоксан 2019 г. 552 0

Баға бұғауға көне ме?

Соңғы жылдары Қызылорданы жеммен қамтамасыз ету үшін «Жанар-Ай жем» жем зауытын аштық. Әйткенмен, мал шаруашылығы өрістеген өңірдегі сұранысты қамтамасыз етуге бір зауыттың шамасы келмейтіні анық еді. «Абай-Дәулет» және «Мағжан и К» компаниялары да бұл мақсатқа өз үлестерін қосып, бір-бір зауыт ашты. Десе де, шаруақор ағайын шөп бағасының өскеніне қынжылады.
Әлеумет 26 қараша 2019 г. 216 0

Шеберден із қалады

Жосалы кентіндегі Қ.Наметша атындағы көшесінде келеміз. Әлдебір тарсылдаған дыбыс шығады. Жүрген сайын жаңағы дыбыс күшейе түсті. Бірнеше адам кеукеулесіп тұрған үйдің жанына аяңдағанда «Бұл Шөмекей ұстаның үйі болды ғой» деді темірді ұрғанынан-ақ таныған Қазбек аға. 
Әлеумет 26 қараша 2019 г. 310 0