СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СОНЫ СЕРПІНДЕР

Жан мен тәннің салауатты, сергек әрі ширақ болуы үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн. Ауру-сырқау, шаршап-шалдығу сынды мәселелер өміріңізде жиілеп кетсе оның емі еңбек. Тарқатып айтқанда, дененің көп қозғалыста болғаны сан түрлі сырқаттан сізді құтқара алады. Ой еңбегінен бөлек, маңдай терді шығарып, бір мезет қолға күрек ұстағанның өзінде орасан пайда жатыр. Ал, тұрақты түрде спортпен шұғылданар болсаңыз нұр үстіне нұр. Белгілі бір спорт түрі адамды семіздік, стресс, қан аздық т.б толып жатқан аурулардан айықтырады. Бұл спорт мамандарының кеңесі.Жақында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұловпен тілдесудің сәті түсті. Ол бөлімнің 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы түгелдей айтып берді. Қала халқының саны көп болғанына қарамастан қызылордалықтардың спортпен қамтылуы аудандардан әлдеқайда жоғары екен. Бұқаралық спорт облыс орталығында жүйелі жолға қойылған. Соның нәтижесі ме екен, бөлім басшысының айтуы бойынша, қалалықтардың спортқа деген көзқарастары ерекше. Сонымен қатар, спортты жанына серік еткен қызылордалықтар жеңіс тұғырына жиі шығып тұрады.
Әлеумет 12 шілде 2018 г. 5 015 0

АУЫЛДАСТАР АТҚАРҒАН АУҚЫМДЫ ІС

Қазалы ауданының Кәукей ауылында осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2011 жылы әр жылдары мектеп бітірген түлектердің бастамасымен  мешіт үйінің іргетасы қаланған еді.  Имандылық үйінің құрылысына  1957-1977 жылдар аралығында өмірге келген ауыл азаматтары  атсалысып, байыпты бастаманың жүзеге асуына біркісідей жұмылды. Бүгінде Жанқожа баба атындағы  бұл мешіт ел игілігіне қызмет етіп келеді. Содан бері жыл сайын «Кәукей күні» шарасы аталып өтеді.
Әлеумет 10 шілде 2018 г. 4 908 0

ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ІСТЕРІ

Пайғамбар жасынан асқаннан кейін өткен өміріңді зерделей отырып,  бүгінгі  күндеріңді ой елегінен өткізіп, ауылдың тыныс- тіршілігіне көз жүгіртесің, жасалып жатқан игі істерге қуанып, бойың бір сергіп қалады. Әрине, біз жасымыз келгеннен кейін, кейінгі ұрпақ­тарымыздың дұрыс азамат болғанын тілейміз. «Жақсының жақ­сылығын айт, нұры тасысын» деген ғой. Жаңақұрылыс ауылдық әкімшілігі жанынан құрылған Жастар ұйымының жарқын істерін көпшілікке айтуды жөн көріп, қолыма қалам алдым. Жақсы істерді айтпас бұрын, жас буынға тәрбиелік мәні бар сөздерді айтып кетуді мақұл көрдім. 
Әлеумет 21 маусым 2018 г. 4 421 0

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Сыр өңірі құрылыс қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.  Облыс орталығын айтпағанда, барлық аудандарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Соның бірі – Сырдария ауданындағы серпінді істер.
Әлеумет 12 маусым 2018 г. 2 830 0

АРАЛ: СЕНІМ СЫЙЛАҒАН СЕРПІН

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданына жасаған жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысып, кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі мәжіліс өткізді.
Әлеумет 10 маусым 2018 г. 2 418 0
КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕККЕРЛЕР ҚОРҒАНЫ

КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕККЕРЛЕР ҚОРҒАНЫ

№6 қалалық емхана –  облыс орта­лы­ғындағы ірі денсаулық сақтау мекемесінің бірі. 62 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін бұл ұйымда 670-ке жуық қызметкер бар. Бірінші санатты терапевт, эндокринолог дәрі­гер Гүлжан Әбсатова осы ұжымдағы кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарады.
Әлеумет 31 мамыр 2018 г. 2 311 0
КЛАССИКАЛЫҚ ӘНДЕР ШЕРУІ

КЛАССИКАЛЫҚ ӘНДЕР ШЕРУІ

Облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Әлеумет 24 мамыр 2018 г. 1 825 0

СЫР ЕЛІ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ МЕКЕНІ

Егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ еліміздегі ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «... ішкі саясаттың іргелі қағидасы ұлтаралық келісім принципі болуға тиіс. Міне, осының өзі демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық жолдың және біздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіміздің ерекшелігін айқындайды», деп атап көрсеткен еді. Осы орайда, Қазақстан Республикасында этносаралық қарым-қатынастар ерекше көңіл аударуды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына жатады. Елімізді мекендейтін барша 140 этнос өкілдерін біріктіретін ортақ тарихи тағдыр, достық, туысқандық бірдейлік қазіргі таңда бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағытында күш біріктіруде.
Әлеумет 17 мамыр 2018 г. 1 727 0
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

Шиелі ауданында «Арман» мәдениет үйінде аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен аймақ меценаттарының қатысуымен «Туған жерге тарту» “Meetap” форматында облыстық шара өтті.
Әлеумет 11 мамыр 2018 г. 870 0
АСТАНА – БОЛАШАҚТЫҢ бАҒДАРЫ,  ҚЫЗЫЛОРДА – ЕКІ ҒАСЫР КУӘСІ

АСТАНА – БОЛАШАҚТЫҢ бАҒДАРЫ, ҚЫЗЫЛОРДА – ЕКІ ҒАСЫР КУӘСІ

 ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Сыр өңірі – ұлттық тарихтың алтын көмбесі екенін айтты.– Кейде асау мінезімен арқырай, кейде момақан қалпына түсетін қасиетті Сырдария суындай сырғыған уақыт тезі мен сынының қилы-қилы кезеңдерінде аты мен атауы өзгергенмен, заты өзгермеген бір төбе ескерткіш бар. Ол – осы отырған сіз бен біздің Қызылордамыз, алтын ордамыз, талбесігіміз, – деді сенатор өз құттықтауында.
Әлеумет 06 мамыр 2018 г. 795 0