СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ҚЫСҚА ДАЙЫН

164

0

Сырдария ауданындағы 73 әлеуметтік нысанға 3 483 тонна көмір, 2 112 тонна сұйық отын сатып алуға 317,7 млн.теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда, қатты және сұйық отындарды қоймалардың сыйымдылығына байланысты жеткізілуде. Дәл қазір қоймада 348 тн сұйық , 1187 тн қатты отын бар.
Ауданға қарасты әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін жөндеу, бу қазандықтарын ауыстыру және жөндеу жұмыстары мерзімінде жүргізіліп, жылу беру маусымына толық әзірленді. Жылу беру маусымы бойынша барлық қазандықтар жоспарға сәйкес іске қосылып, әкімдіктің бақылауында.
АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Бүгінде Сырдария ауданына қарасты 14 елді мекен ауыз сумен толық қамтылған. Тұрғын үйлерге ауыз су кіргізіліп, су есептегіш құралдары орнатылды. Шіркейлі және Н.Ілиясов ауылын тәулік бойы ауыз сумен қамту шараларына аудандық бюджеттен 138,8 млн теңге бөлінді. Су есептегіш құралдары орнатылып, ауыз су беру жұмыстары жүріп жатыр.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Облыстағы автомобиль жолдарының 420 шақырымы Сырдария ауданына тиесілі. Оның 47 шақырымы республикалық, 68,5 шақырымы облыстық және 98 шақырымы аудандық маңызы бар жол. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 44 шақырымы аудан аумағы арқылы өтеді.
Үстіміздегі жылы жолдарды қайта қалпына келтіру шаралары атқарылуда. Атап айтқанда, Іңкәрдария, Айдарлы, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Жыл басынан бері Тереңөзек кенті және А.Тоқмағанбетов елді мекендерінде 12 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолына «Жаңадария» каналына көпір құрылысы 2018 жылға ауыспалы болып белгіленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз