А. Айымбетов, С. Волков пен А. Могенсен ХҒС-қа келді

62

0

4 қыркүйекте Мәскеу уақытымен сағат 13:15 (Астана уақытымен 16.15)
«Союз-ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш
стансасының бортына ауысты, деп хабарлады Ұшуды басқару орталығының
баспасөз қызметінен.

ХҒС-44 экипажының командирі Геннадий Падалка
мен бортинженерлер Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Скотт Келли, Челл
Линдгрен және Кимия Юи ХҒС-ға келген ғарышкерлерді қарсы алды.

ХҒС бортында тоғыз адамнан тұратын интернационалды
экипаж бар. Бұл бес елдің: Ресей, АҚШ, Қазақстан, Корея мен Дания
өкілдері. Бұл-Геннадий Падалка – ХҒС-44 экспедиция командирі, Сергей
Волков – бортинженер-1, Михаил Корниенко – бортинженер-2, Скотт Келли –
бортинженер-3, Олег Кононенко – бортинженер-4, Кимия Юи – бортинженер-5,
Челл Линдгрен – бортинженер-6, Андреас Могенсен – бортинженер-1
келіп-кету экспедициясы -18, Айдын Айымбетов – бортинженер-2 келіп-кету
экспедициясы -18.

Бұрын хабарланғандай, Андреас Могенсен мен Айдын
Айымбетовтің ғарыш экспедициясы 8 тәулікке созылады. 12 қыркүйекте
олар Жерге оралады деп жоспарланып отыр. Олармен бірге осы күні Жерге
ғарышта 160 тәуліктен астам болған Геннадий Падалка оралады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз