Алып жоба Арал өңірінің ажарын кіргізеді

34

0

Елбасының бастамасымен
«САРАТС-1» жобасы қолға алынып, жүзеге асырылды. Сонау 2006 жылдың тамыз айында
Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталғаннан кейін бір қыс көлемінде Арал теңізінің
солтүстік бөлігі Балтық жүйесі бойынша әуелі 38 метрлік деңгейге жетті. Кейін
су молая келе бұл 42 метрге көтерілді. Көлдер жүйесі суға толып, аймақтың
флорасы мен фаунасы қайта жанданды. Ал, ең бастысы, өңірдегі атакәсіп – балық
шаруашылығы өркендей бастады. Алғашқы кезде жылына 400 тонна балық ауланып
келсе, қазір оның көлемі 6 мың тоннаға дейін жетті.

Бұған қоса, теңіз суының минералдануы
(тұздануы) литріне 27-ден 13-ке түсіп, камбаладан басқа «су маржаны» қалмаған
теңізде балық түрлері көбейе бастады. Нақты кезеңде мұнда «су маржанының» 27
түрі бар. Аталмыш жобаның келесі кезеңі жүзеге асқанда судың көлемі артып,
теңіз аумағы 1325 шаршы шақырымға ұлғаяды деп күтілуде. Су қоймасының
мүмкіндігі артып, онда 21 млрд. текше метр су жинақтауға мүмкіндік туады. Жоба
жүзеге асқанда Кіші Арал айдыны Арал қаласына 1 шақырымға дейін жақындайтын
болады. 

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз