Батырхан Шүкенов актерлық талантымен қазылар алқасын тамсандырды – ВИДЕО

60

0

Ресейдегі «Один в один» музыкалық шоу бағдарламасында Батырхан Шүкенов актерлық талантымен қазылар алқасын таң қалдырды. Әртістің «Весна на Заречной улице» фильмінің кейіпкері Саша Савченконың рөлін ойнауы кеңес киносын еске салды.  

Лариса Долина айтқандай, Батырға өзінің әсем дауысын жасыру қиын. Алайда ол кейіпкердің рөлін жақсы ойнау үшін барын салды. Сахнадан Шүкеновті емес, оның кейіпкерін көргендей болдық, – деп атап өтті әнші.

Байқаудың бұл кезеңінің қорытындысы бойынша 307 ұпай жиған Батыр 2-орынға ие болды. Одан 338 ұпаймен Руслан Алехно ғана асып кетті.

Осыған дейін Батыр Мұрат Насыров, Сезария Эвора сынды тұлғаларды бейнелеген болатын.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз