Сыр спортының үкілі үміті, мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева

41

0

Сыр спортының үкілі үміті, мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева Мәнерлеп сырғанау
спортынан үкілі үмітіміз – Элизабет Тұрсынбаева
 2000 жылдың 14 ақпанында Ресей астанасы –
Мәскеу қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Байтақ Сыр өңірінің тумасы
. Элизабет бұрын
сол шаһардағы «Москвич» эксприменттік жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім
алды. болғанмен Сондай-ақ, Элизабет Алматы қаласының дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаты мен Мәскеудегі орталық әскери-спорттық клубында жаттыққан.
Өткен жылы аталмыш қаладағы №37 балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық
резервтер мектебінде шеберлігін жетілдірді. Оның спорттағы жетістіктері
толағай. Қазіргі таңда ол мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлігіне үміткер болып
отыр. Соңғы 3 жылдан бері Қазақстан чемпионатының алтынын ешкімге ұстатпай
келеді. 2011 жылы Германияның Дортмунд қаласында өткізілген халықаралық
турнирде қола медальға қол жеткізген. Одан басқа Қазақстан мен Ресей
жарыстарында бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Элизабет 2014 жылғы Сочи
Олимпиадасына қатыса алмағанымен, ашылу салтанатында өнер көрсетеді. Дегенмен,
2018 жылы аталмыш дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынның
бірінен көрінсем деп алдына мақсат қойып отыр. 
Назарларыңызға оның Беларусь астанасы – Минск қаласында
өткен халықаралық жарыста көрсеткен өнерін ұсынамыз.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз