1 қыркүйекте мектептер жылу беру маусымына толықтай дайын болады

728

0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы барысын қадағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды.

2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1  қыркүйекке  дейін  елімізде білім  беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020  жылғы 15  қазанға  дейін  дайындалады.

Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режімінде жүріп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<