120 тонна пияз әкелінді

272

0

Не нәрсе қат болсасоның бағасы шарықтай жөнелетін әдеті емес пе? Еліміздің кейбір өңірлері пияз тапшылығы бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Соңғы бірнеше тәулік ішінде пияздың келісі 300 теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жағдайға түсінік бергенде: «Бұл қысқа мерзімді өсімге байланысты дүрбелең» деп, атап өтіп, бір ғана Түркістан облысының әлеуеті республика халқын пиязбен толық қамтамасыз етуге жететінін айтқан болатын.

Біздің өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтан әлдеқайда төмен бағамен сатылады. Оны көріп жүрміз.

Бүгін облысқа әлеуметтік маңыздағы өнімнің бірі – пияздың 120 тоннасы әкелінді. Нақты кезеңде аталған өнімдер 13 ірі сауда орталығы мен 36 әлеуметтік дүкенге таратылып жатыр.

– Бұдан бөлек, қосымша 300 тонна пияз өнімін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 977 тонна азық-түлік өнімі бар. Оның ішінде картоп – 268 тонна, қант – 27 тонна, сәбіз – 82 тоннадан аса, пияз – 127 тонна, макарон өнімдері – 55 тонна, қарақұмық – 57 тонна, – деді өңірлік тұрақтандыру қорының басшысы Талғат Бекішов.

 Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруы үшін тиісті тапсырмалар беріліп, қажетті шаралар атқарылуда. Жалпы маусымаралық кезеңде өңірлік тұрақтандыру қоры мен айналым қаражаты арқылы тікелей тауар өндірушілермен 9,8 мың тоннадан астам көкөніс өнімдеріне форвардтық келісім жасалып, қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен жеткізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері әр апта сайын облыс тұрғындарын арзан бағада азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкелер өткізілуде. Оны «Байқоңыр ӘКК» АҚ ұйымдастырып отыр.

Жанболат ӨМІРЗАҚ,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<