Американдықтар «Дайдидау» әнін қазақ тілінде шырқады

974

0

24 мамырда Димаштың АҚШ-тағы фан-клубының ресми YouTube каналында жанкүйерлердің бірігіп, қазақстандық әншінің әнін қазақ тілінде орындап жатқан видеосы жарияланды.

Наурыз айының басында «Dimash USA FC» көшбасшысы фан-клуб жетекшілігіне Димаштың туған күніне орай құттықтау видеоролик  түсіру идеясын ұсынған болатын. Калифорниядағы фан-клуб филиалының лидері Кимберли Фальконе идеяны бірден қолдады. Алайда, видеоны қай стильде түсіру керектігін бірден нақтыламады.

Кейін Кимберли топтың транслитерация бойынша мүшесі Челси Даймондқа жолығып, жаңа видео әзірлеу керектігі туралы өтініш айтады. Әңгіме барысында ерекше «челлендж» ұйымдастыру туралы ой келеді – өзге фанаттармен бірігіп, Димаштың әнін оның ана тілінде шырқау керек болады. Осыған ұқсас қашықтықтан хормен орындалған әндерді тыңдап, американдық фан-клуб әкімшісі түсірілімді басқа жанкүйерлермен де әзірлеу керек деп шешеді.

Фанаттар Димаштың «Дайдидау» әніне тоқтайды. Бұл әннің Нью-Йорктегі концертте болған американдық фанаттар үшін маңызы зор.

Фан-клуб әкімшісі «FaceTime» бойынша видеоқоңырау стилінде видео жазады, өзге фанаттар да қолдайды деген сеніммен өздерінің идеялары туралы фан-клубтың фэйсбуктегі ресми аккаунтында хабарлайды.

Құлаққап киіп, Димаштың «Дайдидау» әнін унисон орындап, жеке дауыстарын жолдау керектігі туралы үндеу тастайды. Видеолар жиналған соң, фан-клуб әкімшісі оларды тұтас бір видеоға біріктіреді.

Американдық фанаттардың айтуынша, қазақ тілінде ән айту оңайға соқпаса керек, бірақ қызық болыпты. Транслитерацияның көмегі де зор болған. Бірқатар Dears бэквокал жазып, әнді одан әрі әрлей түсті.

Dears видеосын MP3 форматқа конвертациялап, Димаштың дауысымен байланыстырғанға дейін шамамен 100 сағаттан астам уақыт кетті. О баста фанаттар әнді толық орындап шықты, кейін эдиторлар әрбір қатысушының видеосынан әннің бір жолынан кесіп, тұтас бір ролик құрастырып шықты.

Жалпы алғанда, хорға  АҚШ-тың 7 штаты мен төрт мемлекеттен (Нидерланды, Канада, Колумбия, Үндістан) 21 Dears қатысты.

Сонымен бірге, АҚШ-тың 21 штатынан және төрт елден (Аргентина, Бразилия, Канада, Нидерланды) 102 фанаттың құттықтау лебіздері видеоға жазып алынды.

Американдық фан-клуб әкімшісінің айтуынша, барлық Dears жұмысты қуана-қуана істеген. Карантин кезінде олар Димашты қуаныш сыйлап, құттықтап қана қоймай, бірлескен жобаны әзірлеу барысында керемет уақыт өткізіп, ерекше сезімге бөленді.

Dimashnews

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<