«AQYL-BATTLE» республикалық сайысы

1404

0

«AQYL-BATTLE» республикалық сайысы өтті. Оны «Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен облыстық жастар ресурстық орталығы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірге ұйымдастырды.

«Жастар орталығында» өткен интеллектуалды сайыстың мақсаты – жастардың білімділігін, тапқырлығын, анықтау және дамыту. Сайысқа еліміздің әр өңірінен және аймақ жастарынан жиналған 40 –тан аса команда қатысты. Республикалық дода облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиевтің қолдауымен өтті. Сайыс қатысушыларына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай , облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш сәттілік тіледі. Сайыс қатысушылары 5 кезең бойынша өз білімдерін анықтап, арнайы жүлде үшін таласқа түсті.

Турнирдің қорытындысына сәйкес, «Тараз жастары» үшінші орынды иеленсе, «Талдықорған» командасы екінші орынға тұрақтады. Ал сайыстың жеңімпазы «Кітап құрттары» командасы. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<