Атыраудан вахталық жұмыстан келген тағы 13 адамнан ауру анықталды

966

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді (15.05.2020 ж. сағат 23:59-дағы мәлімет бойынша).

Вирусты жұқтырған адамдардың 12-сі – ер адам және біреуі – әйел кісі. Барлығы да – Атырау қаласынан келген, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

Атыраудан келуіне байланысты карантиндік стационарға орналастырылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР анализдерінің қорытындысы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.

15.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 188, ем қабылдап жатқандар саны — 57.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<