Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа бұйымдардың айналымы туралы

337

0

Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заңы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заңның 13-бабында Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Сатушылар жоғарыда аталған нормаларды сақтаған жағдайда нарықта тұтынушылар үшін ұсынылатын зергерлік бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасы қамтамасыз етіледі. Зергерлік және басқа да бұйымдар, оларды пайдалану құқығын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін уәкілетті ұйымдардың кодтары бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалау таңбасымен таңбаланады. Ол «Барыстың басы» символы.

Осыған орай, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды өткізу барысында:

бұйым дайындаушымен қойылатын атаулы белгінің таңбасы, (именник);

«Барыстың басы» символы және уәкілетті ұйымның коды бар Қазақстанның «KZ» халықаралық абривиатурасы белгіленген Қазақстан Республикасының Бірыңғай сынама таңбасы (единое пробирное клеймо) болуы тиіс.

Жоғарыда аталған Заңның талаптары орындалмаған немесе бұзылған жағдайда, бұл жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады. (электронды пошта: gosnadzor@bk.ru немесе тел. 27-87-21).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<