«Бала дауысы» байқауы әр балаға қуаныш сыйлайды

173

0

«Бала дауысы» байқауы әр балаға қуаныш сыйлайдыҰлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының ұйымдастырушылары өңірдің балаларына естен кетпес қызықты мереке сыйлайды,-деді Орталық коммуникациялар қызметінде Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы Мұрат Исаханов мәлімдеді.
«Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы «Бала дауысы» ұлттық балалар әндерінің байқауының авторы мен  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аталған байқауды ашатын болады. Мәдениет үйінің сахнасында алғашқы маусымының 23 жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетеді.  Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастау алмақ.  «Бала дауысы – 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая болған еді»,-деді Мұрат Исаханов. 
М.Исахановтың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – жаңа балалар әндерін жандандыру және құру арқылы балалар музыкалық шығармашылығын дамыту, педагогтарға әдістемелік көмек көрсету болып табылады. «Жоба әлеуметтік, және түпкі мақсатымыз бүлдіршіндердің өнерін қолдау және дамыту»,-деп атап өтті М.Исаханов.  
 Оның айтуынша, биылғы жылы байқаудың мақсатты кеңістігі кеңейетін болады. Сонымен бірге, еліміздің барлық аймағын қамтитын болады. Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетіліп, байқаудың қорытындысы бойынша жаңа балалар әндерінің жинағы әзірленеді. Байқау төрт кезеңнен тұрады. 
Ағымдағы жылдың 13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2 – ші қыркүйек пен 21- ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі – КТК арнасының эфирінен көрсетіледі. 
Айта кетсек, күз айында еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды. 
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 27-28-29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың  супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау жеңімпаздарының қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. 
Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды. Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып,  ең үздік деп танылған «Бала дауысы» еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз