Басқарма басшысы ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тіледі

676

0

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығына барып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатқан түлектерге сәттілік тіледі.

Биыл облыста 8 210 бала мектеп бітірсе, оның 7 421-і ұлттық сынаққа қатысады. Ұлттық біріңғай тестілеудің кешегі алғашқы күнінде 286 түлек қатысса, бүгін 481 оқушы он бір жылғы білімін тезге салуда.

Өңірде ҰБТ 3 мамандандырылған тестілеу пунктте өтуде. Олардың бірі осы «Ustudy» орталығы болса, қалған екеуі Қазалы және Жаңақорған аудандарында орналасқан. Орталық қызметкерлері тестілеу пунктінің негізгі талаптарға сай жабдықталғанын, қазіргі уақытта ҰБТ өткізілетін орындарда барлық талаптар сақталғандығын жеткізді.

Орталықтың жұмыстарымен танысқан сала басшысы тестілеу кезінде түлектерге барлық жағдай жасалауын тапсырып, олардың қауіпсіздік шараларын да басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<