Бекеттер жұмысы жанданды

46

0

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі мұнай-газ өндірісінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде мұнай-газ өндірісі тоқтатылған жоқ. Бүгінде 3 мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр». ҚР Энергетика министрінің айтуынша, тек Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Оны ведомство басшысы көлік жүруінің шектеуімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, еліміздің кей өңірлерінде қауіпсіздікті сақтау және интернеттің жоқтығына байланысты сұйытылған газдың сатылуында уақытша шектеудің бары байқалады.

– Елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты жанар-жағармай бекеттері жұмысын қайта жандандырып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Шағын және орта бизнестің шығынын қалпына келтіру үшін, олар өндірушілермен төмен бағамен сатып алу туралы келісім-шартты қайта жасайтын болады, – деді министр.