Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев өмірден озды

2227

1

Отандық танымал композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 74 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеңес Дүйсекеевтің қазасы туралы суыт хабарды ол Facebook желісінде жариялаған. «Кеңес Дүйсекеев. Ұлы композитор еді. Алла алдынан жарылқасын» , – деп қысқаша жазба қалдырды Сәуле Әбілдаханқызы.

Белгілі композитордың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<