Биыл аймақта 397 шақырым автомобиль жолы жөнделеді

794

0

Биыл 397 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 36 автокөлік жолдары пайдалануға беріледі. Оның 3-уі көпір өткелі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында блыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасар Қайрат Әбсұлтанов баяндады.

– Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың индикаторлық көрсеткішінің үлесі 75 пайызға жеткізу жоспарланған. 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы бойынша 21 дана көпір өткелі жөндеуден өтеді. Оның 18-і автомобиль көпірі, 1-і қалқымалы (Хан) және 2-і темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасар Қайрат Әбсұлтанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<