БИЫЛ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ЕКІ РЕТ АРТТЫРЫЛДЫ

108

0

2017-2019 жылдарға арналған рес¬публикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайыз¬ға арттырылғаны белгілі. ¬Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақ¬сатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнет¬ақы төлемдері 2016 жыл¬дың деңгейіне сәйкес 20 пайыға ұлғай¬тылады.
Базалық зейнетақы төлемі 2016 жылы 11965 теңгені құраса, осы жыл¬дың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттырылып, 12 802 теңгені құрады. Ал алдағы 1 шілдеден бастап тағы 13 пайызға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14 466 теңге болады.
Егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теңге болса, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 9 пайызға арттырылып, 43 600 теңгені құрады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11 пайызға ұлғай¬тылып, жалпы мөлшері  48 396 теңге болса, оған базалық зейнетақы төлемі 14466 теңге қосылып, жалпы  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 62862 теңгені құрайтын болады.
Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере ¬отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнет¬ақыны қоса есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңге¬ден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 тең¬геге артады.
Зейнетақының орташа мөлшері (база¬лық зейнет¬ақымен қоса есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.
2017 жылдың 1 шілдесінен жасына ¬байланысты зей¬нет¬ақы төлемдерін есептеу үшін алынатын ең жоғар¬ғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41-ден 46 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерге көбейтілетін болады.
Бала тууды көбейту, ана мен бала өлімін азайту, демографиялық саясат біздің мемлекеттің халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік-эконо¬микалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Ана мен балаға қолдау көрсету аталған әлеуметтік саясатты шешудегі басты басымдылық болып табылады. Өткен жылы бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республика бойынша 20,2 мың анаға төленді. Туудың оң көрсеткіші 2017 жылы да сақталуда.
Елбасының тапсырмасы ¬бойынша бала тууына байланысты берілетін бір¬ жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20 пайызға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27 пайызды құрайтын болады.
Егер 2016 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына -байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәр¬демақы мөлшері 66 621 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 71 270 теңге болды, ал 1 шілдеде 86 222 теңгеге дейін артпақ. Өткен жылы төртінші баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111 035 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 118783 теңгені құраса, 1 шілдеде 142947 теңгені құрайды.
Бүгінгі күні облыс көлемінде 139,1 мыңнан астам жасына  байланысты зейнетақы және базалық төлемін  алушылардың зейнетақы мөлшерлері қайта  есептелді. Олардың барлығына да 2017 жылдың 1 шілдесінен бас¬тап зейнетақы төлемдері  жаңа мөлшерде жүзеге асырылатын болады.

Лиман БОРАНБАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
комитетінің Қызылорда облысы бойынша
департаменті басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз